(1915 – 1965)
1915 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
1941 жылы майданда болды. 1943 жылдың қыркүйегінде атқыштар полкіндегі станокты
пулеметтер бөлімшесінің командирі, аға сержант Акимов өз сарбаздарымен ротада
бірінші болып Киевтің солтүстігінен
Днепр өзенін кесіп өтті. Глебовка кемежайы ауданында пулемет оғымен
біздің жауынгерлердің өзен арқылы өтуін қамтамасыз етті.
Аға сержант
Ф.Ф.Акимовке 1943 жылғы 17 қазанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Алиев Александр Мамедович
(1925 – 1984)
1925 жылы
Сталинград облысында туған. Бала кезінде ата – анасымен бірге Ақтөбеге көшіп
келді. Ұлты – лезгин.
1944 жылдың 20
маусымында қатардағы гвардияшы А.Алиев Свирь өзені үшін болған ұрыста жекпе –
жек айқасқа бірінші болып шығып, жаудың бес солдатын сұлатып салды, жан аямай
соғысты. Осы кезде дивизияның негізгі күші салға, балықшылар қайығына, береген
отырып, өзеннен өтіп жатты.
1944 жылғы 21 шілдеде А.Алиевке Кеңес
Одағының Батыры атағы берілді.
Андреев Василий Апполонович
(1906 – 1973)
1906 жылы
Днепропетровск облысының Соленое селосында туған.
1941 жылы қызыл
әскер қатарына шақырылып, Оңтүстік, 1 – ші Прибалтика, 3-ші Беларусь
майдандарында ұрыстарға қатысты. 1945 жылғы 13 сәуірде Тамань атқыштар
дивизиясының 82-ші атқыштар полкі Гаутен елді мекеніне шабуыл жасады. Осы
ұрыстарда станокты пулеметтің нысанашысы Андреев ерлікпен шайқасты. Пулемет
взводының командирі саптан шығып қалды да, Василий Аполонович взводты басқаруды
өз қолына алды. Біздің жауынгерлер дұшпанның 140 адамын тұтқынға алды. Сержант
В.А.Андреевке 1945 жылғы 29 шілдеде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Білтабанов Иманғали
(1925 – 1945)
1925 жылы Қобда
ауданының Қосөткел ауылында туған.
1943 жылы
әскерге шақырылды.
1943 жылы 25
қаңтарда бір күнгі ұрыста ғанапулемет расчетінің командирі сержант Иманғали
Білтабанов 120 гитлершілді сұлатып салды. Соңғы ұрыста ол беліне байланған гранаттармен
дзотқа секіріп жау амбразурасын өзімен бірге жарып жіберді.
1945 жылы 10
сәуірде И.Білтабановқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Батурин Александр Герасимович
(1915 – 1985)
1915 жылы Мәртөк
ауданындағы Полтава селосында туған.
Ленинград үшін
болған соңғы ұрыстарда Батурин жаудың үш ұшағын атып түсіріп, үш соғыс кемесін суға
батырды, 40 зенитті-пулемет ұясын, үш батареясын солдаттар мен соғыс жүктері
тиелген 42 автомашинасын, төрт оқ-дәрі қоймасын жарып жіберді.
Авиация полкі командирінің орынбасары аға
лейтенант А.Г.Батуринге 1942 жылғы 23 қазанда Кеңес Одағының Батыры атағы
берілді.
Бойченко Виктор Кузьмич
1925 жылы
Ақтөбе қаласында туған.
Ефрейтор
В.Бойченко 1943 жылғы 26 қыркүйектің түніне қарай барлаушылар тобы құрамында
Днепропетровск ауданы маңында Днепрден өтіп, плацдармды басып алды. Ұрыс
кезінде оқпен және қолма-қол айқаста өзі ондаған фашистерді жойып жіберді.
Плацдармды
кеңейту үшін болған ұрыстарда жаудың тылына бірнеше рет барып, өте маңызды
деректер алып қайтты.
Ефрейтор
В.Бойченкоға 1943 жылғы 1 қарашада Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Бөкенбаев Малкеждар
(1924 – 2002)
1924 жылы Жұрын
ауданының Соцжол ауылында туған.
1942 жылдың
шілдесінде қызыл әскер қатарына шақырылды.
1944 жылдың
маусымында 1-ші Беларусь майданының бөлімдері Буг өзеніне жетті. 21 маусымда
Бөкенбаевтың взводы осы маңдағы ұрыста жаудың 102 солдаты мен офицерін қолға
түсірді. Взвод командирінің өзі 5 солдат пен 2 офицерді тұтқынға алды.
Взвод командирі
лейтенант М.Бөкенбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағын берілді.
Вавилов Сергей Васильевич
(1908 – 1943)
1908
жылы Самара губерниясында туған.
Фашистік
Германияны соғыс басталған кезде Ақтөбе облыстық партия коммитетінің нұсқаушысы
С.Вавилов өз еркімен майданға аттанды. Кезекті ұрыс кезінде тірі аждаһаға ұқсаған
танктер батарея орналасқан жерге келіп қалды. Сергей 50 танкіні санап шықты, әр
артиллериске үш танкіден келеді. Осы ұрыста С.Вавилов ерлікпен қаза тапты.
1943 жылдың 22
ақпанында атқыштар полкінің кіші саяси жетекшісі С.Вавиловқа Кеңес Одағының
Батыры атағы берілді.
Величко Валерий Федорович
(1925 – 1944)
1925 жылы туған.
1943 жылдың
ақпанында Новоресей аудандық әскери коммиссариаты қызыл әскер қатарына шақырды.
1944 жылғы 18 қыркүйек күні таң ата дұшпан көптеген танк пен жаяу әскерін
топтап, майданның 91,7 биіктігі ауданындағы Лиелсвилпын (Латвия) тар
учаскесінде шабуылға шықты. Осы шайқаста зеңбірек командирі аға сержант Величко
қызмет ететін «Т-34» танкі экипажы жаудың төрт танкісін жойып ерлікпен қаза
тапты.
1945 жылғы 24
наурызда В.Ф.Величкоға Кеңес Одағының Батыры деген атағы берілді.
Власов Николай Дмитриевич
1923 жылы
Смоленск облысының, Ярцевск ауданындағы Старое село деревниясында туған.
1942 жылдың
ақпан айынан бастап кеңес әскері қатарында болды. Орталық майданның 65-ші
армиясы 14-ші инженерлік – саперлік бригадасының инженер сапер батальонындағы
170-ші бөлімнің сапері, қатардағы жауынгер Н.Власов Брянск облысының Сев қаласы
ауданындағы ұрыс кезінде жаудың 378 минасын ағытып, залалсыздандырды.
1943 жылғы 30 қазанда Н.Власовқа Кеңес
одағының Батыры атағы берілді.
Гринько Иван Устинович
1922 жылғы
қазанда Жұрын ауданындағы Кузнецовка ауылында туған.
1942 жылдың
қыркүйегінде майданға аттанды.
Ұлы Отан соғысы
кезінде И.Гринько жауға қарсы барлығы 129 рет ұшты. Оның дәл шабуыл жасап соққы
беруі нәтижесінде дұшпанның 16 танкісі, 97 автомашинасы, 21 зенит ұясы, 19 дала
зеңбірегі жойылды, жүк тиелген, адам отырған баржасы суға батырылды, 7 темір
жол вагоны өртеніп, оқ-дәрі қойылған екі қоймасы қопарылды, 100-ден астам
гитлершіл солдат пен офицер жойылды.
Ұшқыш И.Гринькоға 1944 жылдың 26 қазанында
Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Губин Константин Яковлевич
(1902 – 1989)
1902 жылы
Ярославль губерниясында туған.
1941 жылғы
тамызда Мәртөк ауданында майданға аттанды.
1945 жылдың 14
наурызында 1-Беларусь майданының әскерлері шабуылға шықты. Лейтенант Губин
басқарған батарея мина қойылған жердің арасымен жылжып отырып, жаудың 30
пулеметі мен минометінің үнін өшірді, 200-ден астам неміс офицері мен солдатын
құртты.
Батарея
командирі, лейтенант К.Я.Губинге 1945 жылғы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры
атағы берілді.
Гуцало Александр Семенович
(1917 – 1946)
1917 жылы
Ақтөбеде туған.
1941 жылдың
қарашасынан бастап майданда болды.
А.Гуцало 2-ші
екпінді армия бөлімдеріне оқ-дәрі, азық-түлік жеткізіп тұру үшін жаудың тылына ұшағын
29 рет қоңдырды.
Соғыс кезінде
жауға қарсы 494 рет ұшып шықты. Жеке өзі дұшпанның 18 ұшағын атып түсірді.
1946 жылдың 15
мамырында А.Гуцалоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
(1920 – 1982)
1920 жылы Байғанин ауданындағы Көктүбек
ауылында туған. 1942 жылы қаңтарда Қ.Жазықов қызыл әскер қатарына шақырылды.
1943 жылғы 5 қарашаға қараған түні Жазықовтың отряды Днепропетровск облысының
Тегеловка деревнясы маңында дұшпанның күші бернеше есе басым қорғаныс бөлімін
жойды. Осы ұрыс болған жерде жау 300-дей солдаты мен офицерінен, оқ-дәрі тиеген екі автомашинасынан айырылды. Сол жылы
26 желтоқсанға қараған түні Жазықов басқарған отряд Дунайдан өткен кезде жаудың
ротасына тұтқиылдан тап берді. Дұшпанның көптеген солдаты өлтіріліп, рота
командирі және үш офицері бар 70-тен аса адам қолға түсірілді. Барлаушылар
взводының командирі гвардия лейтенанты Қ.Жазықовқа Кеңес одағының Батыры атағы
берілді.
Жанзақов Абдолла
(1918 – 1944)
1918 жылы Қобда
ауданында туған.
1943 жылғы
желтоқсанда Невель қаласының түбінде болған ұрыста автоматшы Абдолла бірінші
болып дұшпан траншеясына басып кірді де автоматтан дәлдеп атып үш гитлершіні
жайратты.
Полоцк қаласынан
батысқа баратын темір жол бойында қантөгіс ұрыста автоматшы Жанзақов кейін шегініп бара жатқан дұшпанның көп
адамын жойды. Бірақ батырдың өзі кескілескен ұрыста оққа ұшты.
А.Жанзақовқа
1944 жылғы 22 шілдеде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Кашпуров Петр Афанасьевич
(1913 – 1944)
1913 жылы Челябі
облысының Уфалей ауданындағы Воскресенское селосында туған. Кейін Ақтөбе
облысына көшіп келді. 1942 жылы қыркүйекте майданға кетті. Ол қызмет еткен
атқыштар полкінің жауынгерлері немістерді Сталинград түбінде және Донецкінің
солтүстігінде талқандап, 1943 жылғы қазанда Днепрге жетті. Запорожье қаласын
шабуылмен алу кезінде полк командирінің орынбасары Капуровтың басқаруымен гвардияшылардың
екі батальоны тұтқиылдан батыл шабуыл жасап, оның шет аймағына кірді. 1944
жылдың 15 ақпанында П.Кашпуров ерлікпен қаза тапты. 1944 жылғы 22 ақпанда
П.А.Кашпуровқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Кожемякин
Михаил Степанович
(1913 – 1945)
1913 жылы Донецк
облысының Веселовск ауданындағы Верхне – Соленый хуторында туған.
1935 жылы армия
қатарына шақырылды. Ақ Финдерге қарсы ұрыстарға қатысты. Ұлыс Отан соғысынығ
алғашқы күндерінен бастап бомбалаушы авиация полкінің штурманы М.Кожемякин
алдыңғы шепте болды.
Жеке өзі 122 рет
және топпен бірге 1498 рет ұшып шығып, тапсырманы үлгілі орындағаны, ұшқыштар
тобын шебер басқарғаны, ерлігі мен батырлығы үшін 1945 жылғы 27 маусымда майор
М.Кожемякинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Козенков Василий Георгиевич
(1923 – 1945)
1923 жылы
Орынбор облысының Қуандық ауылында туған. Балалық және жастық шағы Ақтөбе
қаласында өтті.
Ұлы Отан
соғысының алғашқы күндерінен бастап өз еркімен Қызыл Әскер қатарына кетті.
Гвардия капитаны Козенков бастаған штурмовиктер Меденау аэродромына шабуыл
жасады. Бомбамен және пулемет-зеңбірек оғымен алты жерден өрт салды, жаудың 14
ұшағы өртеніп, 20-сы зақымданды. 1945 жылы 7 сәуірде ол Кенигсбергке шабуыл
кезінде қаза тапты. 1945 жылғы 19 сәуірде авиаэскадрилья командирі, гвардия
майоры В.Г.Козенковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Колесников Михаил Петрович
(1918 – 1945)
1918 жылы
Орынбор Соль-Илецк қаласында туған. Кейін ата – анасы Ақтөбеге көшіп келді. Ұлы
Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап майданда болды. 1944 жылғы 21
қыркүйекте ұрыста Колесниковтің танкі жаумен жалғыз соғысуға тура келді. Үш
зеңбірек расчеті совет танкісінің тегеуірінде шабуылына ұшырап жермен – жексен
болды. Тапсырманы орындап қайтып келе жатқан Колесниковтің танкісі күтпеген
жерден минаға тап болып, жарылғанын көргендер бар. Командование ер жүрек
экипажды қаза болды деп ойлады. Бірақ, Колесников тірі қалды. 1945 жылғы 10
сәуірде танктің механик – жүргізушісі, гвардия старшинасы М.Колесниковқа Кеңес
Одағының Батыры атағы берілді.
Королев Николай Степанович
(1921 – 1943)
1921 жылы
Владимир облысы, Муромск ауданының Катышева деревниясында туған. Ақтөбе облысында
мұғалім болып жұмыс істеді.
1941 жылдың
маусым айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатысты. Батальонның комсоргі, гвардия
старшинасы Королев 1943 жылы қазан айында Киев облысы, Чернобыль ауданының
Губин селосы маңында болған ұрыста айрықша көзге түсті. Батальон жаудың 7 қарсы
шабуылына тойтарыс берді.
1944 жылы 10
қаңтарда гвардия старшинасы Н.Королевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Кутуев Рауф Ибрагимұлы
(1925 – 1944)
1925 жылы Куибышев
қаласында туған. 1930 жылы әке-шешесімен Ақтөбеге көшіп келді. 1944 жылғы 5
желтоқсанда кіші лейтенант Кутуевтің взводы басқа да бөлімдермен бірге түн
жамылып Дунайдан өте бастады. Жағаға шығысымен-ақ Кутуевтің взводы фашистерге қарсы
ұрысқа еніп кетті. Неміс окоптарына гранат лақтырып, солдаттар жаумен қолма-қол
айқас бастады. Взвод дұшпанның қорғаныс бекінісін бұзып, Каземхалод деревнясына
бірінші болып кірді. Ақырғы қарсы шабуыл кезінде кіші лейтенант оққа ұшты.
1945 жылғы 24
наурызда Р.И.Кутуевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Мазков Евдоким Константинович
(1922 – 1997)
1922 жылы Ақтөбе
облысының Мәртөк кентінде туған.
1943 жылдың 1
сәуірінен бастап Оңтүстік – Батыс және 3-ші Украин майдандарында соғысқа
қатысты. Днепрдің оң жағалауындағы плацдармды кеңейту және никопольскілік жау
шоғырын жою үшін жүргізген соғыс операциялары кезінде Евдоким Мазков 85 рет
жауынгерлік ұшу жасап, жаудың әскери жүк тиелген 89 автомашинасын, 7 танкісін,
әуе және далалық артиллерияның 26 зеңбірегін, көптеген соғыс техникаларын, адам
күштерін құртты.
1944 жылғы 1
шілдеде ұшқыш Е.К.Мазковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Молдағұлова Әлия Нұрмұхамбетқызы
(1925-1944)
1925 жылы 15
маусымда қобда ауданындағы Бұлақ ауылында туған. 1931 жылы анасы қайтыс
болғаннан кейін Әлия нағашы ағасы Әубәкір Молдағұловтың отбасында тәрбиеленеді.
Москвада Әлия 4-класс бітірді. 1938 жылы Ленинградтағы №46 балалар үйіне
орналастырылды. Рыбинск аудандық әскери коммиссариатының жолдамасымен 1943 жылы
шілде айында мергендер мектебін үздік бітірген Әлия Солтүстік – Батыс
майданының 54-ші атқыштар дивизиясының 4-ші батальонына жіберілді. 1944 жылы 14
қаңтарда Казачиха деревниясын жаудан азат ету кезінде ерлікпен қаза тапты. 1944
жылғы 4 маусымда Ә.Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Мясоедов Григорий Павлович
(1901-1943)
1901 жылы Ақтөбе
маңындағы ауылда туған. 1941 жылдың маусымында майданға өз еркімен аттанды.
Сталинград түбіндегі ұрыстарға қатысты, Днепрге жетті. Атқыштар ротасының парторгы,
аға сержант Мясоедов тобы 1943 жылдың 15 қазаны күні пулемет, автоматпен оқ
жаудыра отырып, гитлершілерді үш траншеядан қуып шықты. 15 қазан күні таңсәріде
фашистер тірі қалған кеңестік бес сарбазға қарсы бүтін бір батальонды айдап
салды. Көмекке біздің әскерлер келіп жеткенде, он екі батырдың ешқайсысы да
тірі қалмаған еді. 1943 жылғы 30 қазанда Г.Мясоедовқа қаза тапқаннан кейін
Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Озмитель Федор Федорович
(1918-1944)
1918 жылы Мәртөк
ауданының Линовицкое селосында туған.
Чекист
Ф.Ф.Озмитель басқарған халық кегін алушы отряд Смоленск, Минск обылыстарында
неміс тілін оң сегіз ай бойы күйретумен болды. Минск-Москва тас жолының
көпірлері үш рет күйретілді. Жаудың жиырма шақты кәсіпорны мен қоймасы
талқандалды, Витебскідегі бу турбинасы істен шығарылды, 27 әскери эшелон
құлатылды, 2 мыңнан аса фашист солдаты мен офицері құртылды. «Грозныйдың»
партизандары Майдан-Берлин байланыс желісін 15 рет кесіп тастады. Ең соңғы
ұрыста Озмитель ең соңғы гранатымен өзін де, айнала қоршаған фашистерді де
жойып жіберді. 1944 жылғы 5 қарашада Ф.Ф.Озмительге Кеңес Одағының Батыры атағы
берілді.
Оноприенко Николай Николаевич
(1911 – 1979)
1911 жылы Ойыл
селосында туған.
1941 жылдың
күзінде Батыс майданына қарасты 16-армияның атқыштар батальонына командир болып
тағайындалды.
Гвардияшы
полковник Оноприенконың әскери таланты Одерді кешіп өту кезіндегі шайқастарда,
Кольбицев ауданында плайдармды қолға түсіру және осы қаланы алу кезінде айрықша
көрінді.
1945 жылғы 29
маусымда атқыштар дивизиясы командирінің орынбасары гвардияшы полковник Н.Н.Оноприенкоға
Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Прохоров Михаил Семенович
(1917-1987)
1917 жылғы 3
қарашада Қобда ауданының Ново-Алексеевка селосында туған.
Қос Қызылтушы
Суворов және Кутузов орденді 152-ші
гвардияшы танкіге қарсы соғысатын Раздельненск артиллерия полкінің зеңбірек
командирі, гвардияшы аға сержант М.С.Прохоров Львов пен Владикавказ,
Новороссийск мен Брест түбінде шайқасты. Румыния мен Венгрияны басып өтті,
Чехословакияның Братислава, Брно қалаларын азат етуге қатысты.
Аға сержант М.С.Прохоров
1945 жылғы 28 сәуірде Кеңес Одағының батыры атанды.
Пятковский Иван Максимович
(1913- 1987)
1913 жылы Қобла ауданында туған.
Байланыс ротасының
капитаны Пятковский Қызылтулы «69-Сев» атқыштар дивизиясының құрамында Батыс
және Орталық майдандарда шайқасты. Сев қаласын азат ету кезіндегі ұрыстарда
оның ротасы дивизия бөлімдері мен командование арасындағы байланысты қамтамасыз
етіп, жауынгерлік қимылдардың табысты болуына баға жетпес пайдасын тигізді. Варшава
тас жолындағы Курск иініндегі, Сож және Десна өзендерінен өту кезіндегі
шайқастарға қатысты.
1943 жылғы 30 қазанда И.М.Пятковскийге Кеңес Одағының
Батыры атағы берілді.
Синельников Валерий Яковлевич
1924 жылғы сәуір айында Орынбор облысы Елек ауданының Елек
селосында туған. 1932 жылы оның ата-анасы Ақтөбеге келді.
Он жеті жасында солдат болған ол Украина қалаларын азат
ету, Днепрден, Бугтан, Днестр мен Пруттан өту жорықтарына қатысты. Сасуниха
деревниясы үшін болған ұрыстардың бірінде ол 27 фашисті жайратып, бір офицерді
тұтқынға алды. Синельниковтың пулемет расчеты 1943 жылғы 1 қазанда жаудың екі
атыс ұясының үнін өшіріп, танкіге қарсы ататын зеңбірек расчетын және жаудың
30-ға жуық солдаты мен офицерін жойып жіберді. Пулемет расчетының командирі
сержант В.Я.Синельниковке 1943 жылғы 29 қазанда Кеңес Одағының Батыры атағы
берілді.
Синчук
Василий Прокофьевич
(1921-1944)
1921 жылы Ақтөбе облысы Херсонск селосында туған. 1942
жылы қыркүйек айында Волхов майданында соғысқа кірісті. Кейіннен звено
командирі, авиациялық атқыштар полкі командирінің көмекшісі болды. В.Синчук
жүргізіп келе жатқан истребительдер тобы 1942 жылғы 25 қазанда дұшпанның үш көлік
ұшағын құлатты. 1942 жылғы 10 қарашада Подберезье-Хатынь ауданында болған әуе
шайқасында ержүрек ұшқыш екі ұшақты атып құлатты. 1943 жылы мамыр айында
авиациялық атқыштар полкінің звено командирі болып тағайындалған ол жаңа «Ла-5»
ұшағын шапшаң меігеріп, «барлаушы» ұшқыштардың басшысы болды. 1944 жылғы ақпан
айында әуе шайқасында қаза тапты. 1944 жылғы 13 сәуірде С.В.Синчукке Кеңес
Одағының Батыры атағы берілді.
Терещенко Николай Владимирович
(1924-1944)
1924 жылы Қобда
ауданының Калиновка ауылында туған. 10-сыныпта оқып жүргенде өзі сұранып
майданға аттанды. Қысқа мерзімді курсты бітірген соң кіші лейтенант атағын
алып, Волга бойындағы ұрысқа қатысты. Қара теңіздегі Новороссийск, Тамань,
Керчь, Алушта, Ялта, Балаклава, Севастополь қалаларын азат ету үшін шайқасқан
теңіз жаяу әскері бригадасы барлаушылар взводының командирі Н.Терещенко
көптеген ерліктер жасады. 1945 жылы 24 наурызда барлаушы ротасының командирі
аға лейтенант Н.Терещенкоға қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы
берілді.
Үргенішбаев Ідіріс
(1912-1944)
1912 жылы Шалқар
ауданындағы Талдықұм ауылында туған. 1942 жылғы қаңтар айында қызыл әскер
қатарына шақырылып, қысқа мерзімдік әзірлік оқуынан кейін Орталық майданда
ұрысқа қатынасты. Фашистердің батальонға 22 рет қарсы шабуыл жасаған кезінде
Үргенішбаев жаудың 90-нан астам солдаты мен офицерін жойды. Парторг бастаған
кеңес сарбаздарының бір шағын тобы жаумен найзаласып, әрі мылтық дүмімен де
қимыл жасап, дивизияның негізгі күштері келгенше плацдармды қолдан шығармады.
1944 жылғы 15 қаңтарда бөлімше командирі, сержант Ідіріс Үргенішбаевқа қаза
тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Шатров Федор Анисимович
1914 жылы желтоқсанда Ақтөбе облысының Ембі стансасында
туған.
1941 жылдың маусым айында әскер қатарына шақырылды.
Авиация полкі әуе кемесінің командирі, гвардия капитаны Шатров 1944 жылдың
наурызына дейін жаудың алғы шепте шоғырланған әскерлері мен техникасын,
тылындағы маңызды нысандарын бомбалауға 281 рет (оның 179-ы түнде) ұшып қайтты.
1944 жылғы 14 наурызда Ф.Шатровқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Щербанев Тимофей Карпович
1922 жылы Жұрын ауданындағы Озерный селосында туған.
1941 жылғы 16 қыркүйектен майданда болды.
Қырым мен Қара теңіз жағалауындағы қалалар мен селолар
үшін табан тірескен ұрыстар жүріп жатқан 1944 жылғы 11 сәуірде лейтенант
Т.Щербаневтің басшылығы мен автоматшылардың десанттық ротасы дұшпанның 300
солдаты мен офицерін жойып, 200-ден астамы тұтқынға алынды. Зуя ауданында
болған ұрыста Щербанаевтің жеке өзі жаудың 70-ке жуық солдаты мен офицерін
жойып жіберді. Танк – десант ротасының командирі лейтант Т.К.Щербанаевке 1945
жылғы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Шиловский Леонид Прокофьевич
(1919 – 1943)
1919 жылы Новоресей ауданындағы Новоресей кентінде туған.
1943 жылы қыркүйектің 25-нен 26-на қараған түні, сапында
Леонид Шиловский де бар 19 адамнан құрылған барлаушылар тобы Днепропетровск
ауданында Днепрден алдымен өтті. Барлаушылар өздерінің басып алған плацдармын
ұлғайту үшін түн бойы ұрыс жүргізді. Қолма – қол айқаста ол жаудың 11 солдатын
жойып жіберді. Фашистермен көптеген шайқастарда және Днепрден өтуде батырлықпен
көзге түскен ол жау оғына ұшты.
Қызыл әскері
Л.П.Шиловскийге 1943 жылғы 1 қарашада Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Гришин Александр Алексеевич
(1914 – 1980)
1914 жылы Рязань облысының Кузьминское селосында туған.
Бала кезінде ата-анасымен Ақтөбеге қоңыс аударды.
1940 жылы қызыл әскер
қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысы басталар қарсаңда 428 – ші тау атқыштары
полкінің қатардағы жауынгері Александр Гришин полк мектебін бітіріп, сержант
болды.
А.А.Гришин 1944 – 1945 жылдары үшінші, екінші және 1945
жылы 29 маусымда бірінші дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталды.
Еркінов Шүкір Таңатарұлы
(1924 – 1949)
1924 жылы Ойыл ауданында
туған. 1942 жылы әскерге шақырылды. 43-ші жеке өзі жүретін артиллериялық
танкіге қарсы истребитель дивизионының барлаушысы болды. Бұл дивизион Батыс
және 1, 2, 3-ші Беларусь майдандарындағы шайқастарға қатысты.
Сержант Шүкір
Еркінов 1944 жылы үшінші дәрежелі, 1945
жылы екінші дәрежелі және 1946 жылдың 15
мамырында бірінші дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталады.
(1924 – 1996)
1924 жылы Байғанин ауданында туған. 1942 жылы әскерге
шақырылып Калинин, Ленинград және 1 – ші Беларусь майдандарында 17 – ші
инженерлік – саперлік Гатчина бригадасы 81-ші жеке инженерлік – саперлік
батальонының сапері ретінде соғысты. Сәрсенғали Ешбаев 1944 жылы үшінші, екінші
дәрежелі және 1945 жылдың 6 сәуірінде бірінші дәрежелі «Даңқ» ордендерімен
марапатталады.
Кошелев Михаил Тихонович
(1923 – 1945)
1923 жылы Ақтөбе облысының Солдатск селосында туған. Солтүстік
– Батыс, Батыс, Оңтүстік – Батыс, 2 – ші және 3 – ші дәрежелі Украин
майдандарындағы соғысқа қатысты. Екі рет жараланып, контузия алды. 1945 жылдың
қаңтарында қаза тапты.
Сержант М.Т.Кошелев 1944 жылы үшінші, екінші дәрежелі
және 1945 жылы 28 сәуірде бірінші дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды.
Папилов Николай Гаврилович
(1922-1998)
1922 жылы Смоленск облысы, Ярцев ауданы Ульхово аулында
туған. 1943 жылдан бастап майданда штурмалық авиядивизия полкінде болды. 115
ұшу тапсырмасының ішінде 38 автомашина, 7 цистерна, 3 қойманың көзін құртты.
Н.Г.Папилов 1944 – 1945 жылдары «Даңқ» орденінің үш дәрежесімен толық
марапатталады.
Рафиков Шамсутдин Хасмутдинұлы
(1904 – 1972)
1904 жылы Орынбор облысының Соло-Илецк ауданындағы Григорьевка селосында туған. Отбасы кейіннен
Шалқар қаласына көшіп келді. 1941 жылдың қарашасында әскер қатарына шақырылып
Оңтүстік – Батыс, Сталинград, Далалық, Оңтүстік және 4-ші Украин майдандарында ұрыстарға
қатысты. Үш рет жараланды. Сержант Шамсутдин Рафиков 1944 – 1945 жылдары
үшінші, екінші дәрежелері және 1945 жылдың 27 маусымында бірінші дәрежелі
«Даңқ» ордендерімен марапатталды.
Стариков Игнат Михайлович
1924 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шыңжан ауылында
туған.
Батыс және 1 – ші Беларусь майдандарындағы ұрысқа
қатысты.
И.М.Стариков 1944 – 1945
жылдары үшінші, екінші және 1946 жылдың 15 мамырында бірінші дәрежелі «Даңқ»
ордендерімен марапатталады.
Фурсов Михаил Иванович
(1926 – 1973)
1926 жылы Харьков облысының Чугуев қаласында туған. 1943
жылдың ақпанында әскерге шақырылып, 98 –ші атқыштар дивизияның атқышы болып болып
тіркелді. Балтық бағытында шайқасты.
М.И.Фурсов 1944 – 1945 жылдары майданда көрсеткен
ерліктері үшін «Даңқ» орденінің үш дәрежесімен толық марапатталады.
Шахрай Василий Семенович
1923 жылы Новоресей ауданына қарасты Крейделевка
селосында туған. Кейін Алға қаласында тұрды. 1943 жылдың ақпанында 63-ші
атқыштар дивизиясы 26-шы артиллерия полкының байланысшысы болды. Батыс және
3-ші Беларусь майдандарында шайқасты.
В.С. Шахрай 1944 жылы үшінші, екінші дәрежелі және 1945
жылдың 19 сәуірінде бірінші дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталды.