Ұлы Отан соғысының ардагері Шанов Орынбасар туралы бұған дейін де газет беттерінде бірнеше рет жарық көрді. Бұл
адам көпшілікке танымал, халқына сыйлы, отабсының тірегі. Биыл 80 жасқа толғалы
отыр.
Биыл Ұлы Жеңістің 60 жылдығына
байланысты Астанада үлкен шеру өтеді.
Осы шеруге облыс бойынша әрбір ауданнан жиырма ардагер баруы тиіс. Осыған
Байғанин ауданынан Орынбасар ақсақал барғалы отыр.
Шанов Орынбасар
1925 жылы туған. Жетінші класты бітірген
жылы яғни 1941 жылдың 22 маусымында
фашистік Германия Кеңес Одағына қарсы
опасыздықпен соғыс ашқаны мәлім болды. Елдегі ер азаматтар түгелдейдей
дерлік отан қорғауға аттанды. Елдің бар шаруасы
қарттар мен қатын-балаға қарап қалды.
Содан 1943 жылы жасы
18-ге қараған шақта армия қатарына шақырылып, орынбор облысының
Колтубановка жерінде әскери дайындықтан өтеді. Кейіннен Пенза қаласында жаңадан жасақталып жатқан 32-ші
зенитті артилленрия дивизиясының 1413 полкіне байланысты болып алынады.
1943 жылдың
қыркүйек айында Орынбасар нағыз шешуші
нүктесі болып саналатын ленинград майданының алғы шебіне барып түседі. Совет
жауынгерлері қаланы жаудан қорғауда ерлік көрсете білді. Дұшпанның қалаға басып кіруіне мүмкіндік
бермей, дүркін-дүркін жасалған шабуылға тойтарыс беріп отырды.
Ақыры көптен
күткен мезгіл де жетті. 1944 жылдың қаңтардың 14-нде жойқын шабуылға шығып,
неміс-фашистерінің қоршауын бұзып
шығады. Орынбасардың жауынгерлік жолы
енді батысқа қарай батғытталды. Қаңтардың 27-күні Псков қаласына дейін жауды қуып,
қаланы азат етуге қатысты. Мұнан кейін Эстоноияның Пяриу, тарту, Таллин
қалаларын жаудан тазартуға қатысты.
Содан кейін О.Шанов Карелияның
орманды алқаптарында талай рет жаумен шайқасты. Сол жылдың наурыз айында «жауынгерлік қызмет үшін»
медалімен мараптталды.
1944 жылдың
тамыз айында Прибалтика республикаларында қорғаныс шебінде жүрді. Одан әрі 1945 жылы ақпан айында бүкіл дивизия арнаулы поезбен Польша
территориясына жеткізіледі маршал К.Жуковтың басқаруында І Белорусь майданында
Берлинді азат етуге қатысады. Сөйтіп 2
мамырда Берлин қаласын, оны қорғауға әрекеттенген дұшпанды тізе бүктіріп, жеңіс
күнін сонда тойлайды.
Соғыс
жылдарында ержүректік батылдық көрсеткені үшін Орынбасар Шанов «Ленинградты
қорғағаны үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны талқандағаны үшін» тағы
басқа 12 медальдарымен және Ұлы отан соғысы орденімен марапатталды.
1947 жылы елге
оралғаннан кейін колхозда, мектепте есепші болды. 1954 жылдан 1987 жылға дейін сауда саласында қызмет жасады. Мұнда да
абыройсыз болған жоқ. «Сауда ісінің озаты» белгісімен марапатталды. Ұл-қыздары
өсіп, олар өмірдегі өз орындарын тапты. Қазір ұлы Досымжанның қолында, яғни
немерелерінің ортасында Алланың бергеніне шүкіршілік етіп, тату-тәтті өмір
сүріп отыр.
«Жем-Сағыз» газеті,
2005ж, сәуірдің 28-і