1941 жылдың
декабрь айында Орынбор облысына қарасты Соль-Илецк қаласында кіші командирлер дайындайтын 3 айлық курсте
әскери дайындықтан өткен Беріков Шияз майданға үлкен жастық жігермен аттанды.
1942 жылдың алғашқы айларында Дон майданында жаумен бетпе-бет кездесіп шайқасқа
түсті. Бұл кезең совет халқы мен оның Қарулы Күштері үшін өте ауыр уақфт
болатын. Неміс фашистері өзінің басқыншылық, опасыздық әрекетін жалғастырып,
Волга өзеніне қарай жанталаса ұмтылды. Олардың жолына кедергі болып, тосқауыл
қойған 42-інші армияның 863 атқыштар полкінің сапында Шияз да болған еді.
Ұлты еврей
Погорелис жетекшлілік ететін ротада байланысшы қызметін атқарды. Рота
командирінің тапсырмалары мен нұсқауларын, бұйрығын бұлжытпай орындап, көзге
түсе білді.Жаудың күші қаншалықты басым болғанмен жекпе-жек шайқастарда совет
жауынгерлері керемет ерлік жасап, оларға тойтарыс беріп отырды Сол жылдың июнь айында Дон жағалауы үшін 3
күнге созылған ұрыс Шияздың әлі есінде.
Атқыштар
полкі фашистерді бергі бетке өткізбеу
жөнінде тапсырма алған болатын. Жау жағы
әлсін-әлсін жойқын шабуылға көшіп, Дон өзенін кесіп өтуге әрекет жасады. 3
күнге созылған ұрыста екі жақтан да үлкен ишығын болды. Соғыс барысында
бөлімше, взвод, батальон аралығындағы байланысты қалыптастыру маңызды роль
атқарды. Осы міндетті елеулі қиыншылықтарға қарамастан мейлінше мінсіз атқарған
Ш. Беріковтің іскерлігі айқын көрініс тапты. Бұл ұрыстың маңыздылығы
Сталинградқа қарай бағыт алған жау әскерлеріне тойтарыс беруде еді.
Шияз Ұлы
Жеңісті Румынияда қарсы алды..Оған дейін
Белгород, Орел, Курск бағытына қарай үдере қашқан фашистерді қуып,, ұзаққа
созылған талай майдан жолдарынан өтті. 5 жыл бойы ұрыс майданында болып, талай
қиын-қыстау күндерді бастан кешірді. 1946 жылы Румынияның Ясси қаласынан елге
қайтып оралды. Оның омырауында «Сталинградты қорғағаны үшін»ғ «Фашистік
Германияны талқандағаны үшін» «Жауынгерлік үздік қызметі үшін» медалдары жарқырайды.
Елге
оралғаннан кейін өзінің туып-өскен
жеріне келіп, бейбіт өмірге араласты. 34 жыл бойы аудандық аэропортта комендант
болып қызмет жасап келеді. Осы саладағы мінсіз қызметі үшін Ш.Беріков «Еңбек
Қызыл Ту» орденімен наградталды. Ардагер ағаның соғыс жылдарында және бейбіт
еңбекте көрсеткен өнегелі істері кейінгі жастарға үлгі болмақ.
Ж.Ұзақов. «Ленин туы» газеті,
1983ж, 9май