Нысананы дәл атқан

НЫСАНАНЫ ДӘЛ АТҚАН

       1942 жылы Хабаровск қаласындағы алты айлық әскери техникумды ойдағыдай аяқтағаннан кейін кіші лейтенант Еңсеген Смайлов еліміздің Қиыр Шығысындағы майданда қызмет етті.  Сол жылдары Совет Армиясының қатарында жүріп,партия қатарына  өтті. Ол  кезде Куриль аралдары мен Оңтүстік Сахалин миллитаристік Жапонияның  қол астында болатын.
        Батыста фашистік Германиямен шайқасқа түскен Советтің Қарулы  Күштері шығыс шекараны да қырағы  қорғап тұрды. 75-інші атқыштар батальонында рота командирі қызметінде болған Еңсеген жауынгерлерге жігер беріп,  патриоттық рухын көтеруде өнеге көрсете білді. 1945 жылдың күз айында миллитаристік Жапонияға қарсы соғыс жүргізілді. Әскери  техниканы жақсы меңгере  білген Еңсеген басқарған рота жауға үлкен соққы берді.
        Сахалин аралының оңтүстігіне жайғасқан жапондықтар соғыс техникасын ұрысқа ұтымды  пайдаланған советәскерлерінің шабуылына төтеп бере алмай аралды тастап шығуға мәжбүр болды. Сөйтіп бірнеше жылдар бойы миллитаристік Жапонияның әділетсіз иеменденген совет жері езгіден азат етілді. Осы ұрыста Еңсеген айтарлықтай ерлік көрсетті. Дұшпанның атыс ұясын, қорғаныстары мен бекінісін дәлдікпен атып, шабуылға шығуға жол ашып отырды. Тау жыныстары мен орманды алқаптарды тасаланып, ұтымды түрде ұрыс жүргізе білді. Жиырма бес жасар жалынды жас жігіттің ерлік істері батальон командирінің назарына ілікпей қалған жоқ. Екі рет «жауынгерлік ерлігі үшін» медалымен  наградталды. «Жапонияны жеңгені үшін», тағы да басқа ерлік істердің бейнесін көрсететін медалдар алды.
        Қазіргі күнгі запастағы капитан Еңсеген Смайлов Крупская атындағы совхоза қарапайым еңбек адамадарының бірі. Сегіз жыл бойы сүйікті Отанымызды жаудан қорғауда жақсы өнеге, үлгі көрсеткен ардагер коммунист аға мерекелік жиындарда, кездесулерде жас ұрпақтарға өзінің  ерлік жолдарын қызықты етіп, әңгімелеп беріп отырады.
                                                                             Ж.Құлтасов.

                                                                            «Ленин туы»,1978-9май