Қадірлі оқырман!
«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!»
блогына хош келдіңіз!

     XX ғасырдың 1941-1945 жылдары екінші дүниежүзілік соғысы адамзат тарихындағы ең ауыр сын болды. Соғыс жаңғырығы. Соғыс дауысы. Арада 70 жылдай уақыт өтсе де ол ұмыт бола қойған жоқ. Қайта жылдар жылжыған сайын оның ерлік беттері ашыла түсуде.
                                             
                                                Соғыс даусы-найзағай күркіріндей,
                                                Тұнжырады аспанның бұлты күлмей.
                                                Біздің әскер бір сәтке іркілмейді
                                                1418 күн кірпік ілмей.
                                                                 (С.Тұрғынбеков «1418 күн»)

    Иә, 1418 күн... Ұлы отан соғысында Қазақстан кешегі Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде өзінің экономикалық ресурстарымен де, адам күшімен де ортақ жауды жеңуге үлес қосқаны мәлім. Ұлы Отан соғысында әр Қазақстандық жауынгерлердің ерлігі әр жас ұрпақ үшін үлкен өнеге. Тарих ғылымдарының докторы, академик Манаш Қозыбаев және тарих ғылымының кандидаты Қайдар Алдажұмановтың «Күркіреп күндей өтті ғой соғыс. Ұлы Отан соғысы және Қазақстан» атты мақаласында («Егемен Қазақстан» газеті, 1993ж, 8 мамыр.«...Соғыс жылдарында республикамыздан 1.196.164 адам қару асынып, майданға аттанды.» деп жазды. Ұлы отан соғысында неміс - фашистермен қанды шайқастарда ерлік көрсеткен қазақ жауынгерлерінің 500-ден астамы Кеңестер Одағының Батыры атанды, оның ішінде 4-уі Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Л.Беда және И.Павлов екі мәрте Батыр атағын иемденді. Шығыстың қос жұлдызы Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұловаға осы соғыста Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 

   Ал, Ақтөбе облысынан Ұлы Отан соғысына 122 423 адам қатысты, жерлестеріміздің 35-і Кеңес Одағының Батыры, 9-ы «Даңқ» орденінің толық иегері атанды. Жем-Сағыз өңірінен майданға мыңнан астам адам Темір ауданы әскери коммиссариаты арқылы шақырылып, соғысқа аттанды. Олардың 504-і елге аман-есен оралды.  Осы сұрапыл соғыс майданында өздерінің жастық шағын қиған, есею жылдары ерлік пен өрлік толы жерлестеріміз Кеңес Одағының Батыры Қ. Жазықов, «Даңқ» орденінің толық иегері Сәрсенғали Ешбаев, 2-3 Дәрежелі «Даңқ» орденінің иегерлері Құрмаш Наурызбаев, Ұлқабай Бердібаев, Нұржігіт Әбішев, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Әділов Бозша, Ленинград блокадасына қатысқан теңіз тарланы, матрос Елтоқ Сәрсенбаевтар мақтаныштарымыз. Жем-Сағыздың қаһарман ұлы Қожабай Жазықовтың өшпес ерлігі мен өнегелі өмірі бүгінгі жас ұрпақтың мәңгі есінде сақталады. Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қоры негізінде құжаттар мен басылымдар материалдарын ұсынады. Майдангерлер мен батырлар ерлігін оқып, танысыңыз!


Виртуальды кітап көрмесі



Видеоны жақсы сапада көру үшін видео ойналып жатқан кезде "Настройки" менюін таңдап, сосын "Качество" қалыбында "720p HD" видео сапасын таңдаңыз.