«Жауынгерлік сәлеммен...»
Байғаниндік майдангерлердің туған жерге сағынышты сәлемі
Тапсырмаларыңызды орындауға сөз береміз!
Н. Бөліміндегі Байғанин ауданынан барған жауынгерлердің
жауап хаты
Қымбатты ата-аналарымыз, туысқан
бауырларымыз!
Сіздердің қаза халқының майдандағы қазақ жауынгерлеріне жазған хатыңызды
біз үлкен қуанышпен оқыдық. Бул бізге күш, жігер берді. Бізді жаңа ерлік істерге ұмтылдырды.
Сіздер
бул хатта майданға көмекті үсті-үстіне күшейте беруі үшін егіннен мол өнім
алуға, мал шаруашылығын барынша көркейте
беруге тылда жан аямай жұмыс істеуге серт бергенсіз. Сонымен қатар бізді ,
қазақ жауынгерлерін зұлым жауға қарсы ұрыста орыстар, украиндар, белорусстар,
грузиндер және басқа туысқан халқымыздың ұлдарымен қол ұстасып табандылықпен,
шеберлікпен соғысуға шығарғансыз.
Сіздің
бұл тапсырмаларыңызды абыроймен орындауға сөз береміз. Біз майданда жауыз жауға
аянбай соққы бердік, береміз де. Сүйікті
отанымызды қорғау үшін шыбын жанымызды қасық қанымыз аямаймыз.
Н.бөлімінің рота
командирінің саяси жұмыс атқаратын орынбасары,
лейтенант Қасым Адырбаев
«Жем-Сағыз газеті,
2005, сәуірдің 21-і