Жорық жолдарында.
1939 жылы совет армиясының қатарына алынып, Финляндия
соғысының шекарасында жауынгерлік міндетін абыроймен атқарған Қалманов Құрманның
жорық жолдары есте қаларлықтай
еді. Әскери тәртіпке бейімделіп,
Фин соғыс құмарларымен жекпе-жеке
шайқасқа шыққан кездері ардагер ағамның күні
кешегідей есінде. Осы алғашқы
ұрыстардың ішінде-ақ Құрман
қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірді. Орман
ағаштарын тасалап, жаудың жеке
шабуылға шыққан топтарын әлсін-әлі жойып жіберіп отырды.
Міне ,екі жақта да алыс дүмпуі қыза түскен.
Артиллериядан атылған оқтар айнала
төңіректің астан -кестенін
шығарып жатты. Бір кезде қатты
дүмпу оны окоп
топырағымен бірге алысқа лақтырып
жіберді. Есін жиып,қарасы қалың үйінді топырақтың ортасында
қалыпты. Мұнан кейін неміс
фашист басқыншыларының шабуылына қарсы жорық жолдарын
бастады. Қаһарман Ленинград
қаласын Ақ теңіз арқылы
жау шабуылынан қорғау, Белоруссия майданы
мен Шығыс Пруссия, Польша
жерлерінде азаттық үшін шайқастың
алдыңғы шебінен көріне білді. Сол
жылдардағы жасалған жауынгерлік
батылдықтың белгісіндей болып Құрманның омырауында екінші дәрежелі
«Ұлы Отан соғысы» орденімен
бірнеше медальдар жарқырайды. Қазіргі бейбіт
кезеңде Қ.Қалманов аудандық
информациялық есептеу станциясында
экономист болып қызмет атқарады. Жігерлі жауынгер, қарт коммунистің соғыс жылдарындағы ел намысын қорғаудағы жорық жолдары ұрпақтарға үлгі боларлықтай.
Ж.Ұзақов.
Ленин туы//1975 жыл.