Ізгілікке бастаған

ІЗГІЛІККЕ БАСТАҒАН

       Оңды-солымды енді –енді тани бастаған кезім . Әкем  колхозшы болатын. Бірде ол үйге өзімен бірге сымбатты, қою қара мұртты орта бойлы жас жігітті ертіп әкелді. Еліміз  Ұлы Отан соғысының жеңісін тойлап, қуанышқа кенеліп жатқан қырық бесіншінің май май айының ортасы болатын . Шағын  ауылдың әр үйінде той-томалақ. Әркім өзді-өзінің барын көтеріп, бірін-бір шақырып жатқан кез. Мұндайдан бала қала ма. Көптен көрген ұлы той.
-         Атың кім, айнам? Кел бері,- деді үйге келген әскери адам. Омырауы орден, медаль. «Ән айта берейін» деді сосын.
-         бар , балам,бар. Ән естімегелі қашан! Айтсын ағаң, -деп әкем де, шеешм де қолқалап қоймады. Жайлап ағаның қасына отырдым. Ол сәлден соң ән бастады. Домбыраның сазды үні аймаққа тарап кетті. Жақын отырған ауылдың бала-шағасы түгел жиналды. Ән бір толқып, бір жоғары әуендеп барып тоқталды. Соғыстан оралған адамнан біреу әкесін, біреу ағасын сұрайды.Бұл жолы да солай болды. «Сосын не істедің» аға деп балалар жағы отырып алады.
-         Төрт жылда оралып отырмын ғой, - деді сыйлы қонағымыз, сәл толқи сөйлеп. Ауылдан тірі қалғандар да бар. Соғыс үстінде ел үшін жанын қиғандар да бар.,- деп қасында отырған мені елжірей маңдайымнан сипады.
     Соғыстың аты соғыс. Дұшпанның сені аямағанда сен оны қалай аярсың. От ішінде жүріп, өміріміздің сәулетті  болашағы үшін күрестік. Ал, сендер жақсы оқыңдар. Әкелер мен ағаларыңның тілін қайтармаңдар. Колхозға қол ұшын созыңдар.  Ертең егін саламыз. Бақытты (солай деп жазылуы мүмкін.Г.М) өмір  енді басталады. –деген ақылды сөздерін міз қақпай тыңдап,, сол ағадан бүкіл ауыл балалары үлгі-өнеге алуға тырыстық. Бұл – қазіргі «Алтай» совхозыныңы №2 ферма жұмысшысы, коммунист, Ұлы Отан соғысының ардагері, запастағы лейтенант Қораз Илиясов болатын. Ол колхозда басқарма председателі болды,кейін агроном. Қайда жүрсе де, жастар қамқоршысы, жастар ақылшысы бола білді.
     Біз онымен күнде кездесеміз. Ақкөңіл жан алдымызда ағынан жарылып сөйлейді.Өткен отыз жылғы өзінен алған әсерімізді айтсақ төбесі көкке жеткендей болып, солай ма балалар дейді. Оның маңдайындағы әжімдерінен сонау бір қиын-қыстау күндердің іздерін көргендей боламыз. Ардагер аға өзінің қылшылдаған жас шағын сүйікті Отанымызды қорғауға жұмсаған еді. Әскер жолын Батыс майдандағы 318 артиллериялық полктің дивизионында қатардағы наводчиктен бастап, соғыс тәсілін үйренген білгір бөлімше бастығына дейін өскен.
        - Совет солдаттары ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсете білді.Украина жеріндегі бір шайқаста,-дейді  ол,-біздің дивизион үлкен жеңіске жетті.Қараңғы түнде  шабуыл бастаған едік. Жау біздің күшімізді біліп қойып, алға жылжуымызды қиындатты. Осындай сәтте дививзион командирі тез шешім қабылдап, бөлімшенің бағытын өзгертуді бұйырды. Жау өтіндегі тосқауылға біздің батарея қалды. Бұл – жаумен бір емес,әлденеш рет кездесуіміз еді.  Бір адымкейін шегінбедік. Осы шайқаста мені бөлімшенің саяси жетекшісінің орынбасары етіп жоғарлатты.  Ұлы Отан соғысындағы  ерлігіне сай иеленген атақтары  (Г.М.) Қораз Илиясовтың соғыстағы ерлік істерін омырауындағы Қызыл жұлдыз ордендері мен................. медалдары айқындайды .
       Бейбіт еңбек озаты, соғыстан кейінгі жылдары туған жерді көркейтуге күш салды, әлі де күш салып келеді.осындай ағамыздың ерлік істері,үлгілі өнегесіне қарап өскен біздердің еңбегіміз жана түсуде. Он бес жылдан бері қой бағып, оның өнімін молайтып келемін. Сегізінші бесжылдықта жыл сайын әр жүз саулықтан 100 қозы алып, жоспардан тыс елу қозы өсірдім. Тоғызыншы бесжылдықта да жоғары көрсетикіштерге ие болдым. Өткен жылы әр жүз саулыққа 110 қозы  өргізіп,, әр қойдан 3,5 килограмм жүн өндіру қамтамасыз етілді. Биылғы жылы отардағы әр жүз саулықтан 115 қозы алуға сөз беріп отырмын. Иә, табыс, еселі еңбектің арқасы. Ардагер Қораз сияқты ағаларымыздың ізгілікке бастаған мұрасының әсері деп білемін.
                                                                                  
М.Қарашбаев
                                              «Коммунизм жолы» газеті, 1975