Шабуыл шебінде


ШАБУЫЛ ШЕБІНДЕ
    Польшаның Ковль қаласында әскерлік міндетімді атқарып жүргенімде  гитлершіл неміс-фашист басқыншылары  бейбіт жатқан біздің елімізхге соғыс жариялады. Алғаш рет Украинада жаумен шайқасума тура келді. Чернигов қаласының түбіндегі ұрыстардың бірінде ауыр жараландым. 1942 жылдың март айында 138 атқыштар бригадасының сапында Солтүстік Кавказ майданында болдық. Атап айтқанда Қара теңіз жағалауындағы Севастополь қаласын қорғауға қатыстым.
    Бұл кезде біздің әскерилер жаудың шабуылын тойтару мақсатында қиян-кескі ұрысқа раласқан болатын. Таулы-тастың арасында жүріп, сұрапыл соғыстың салдарынан бригаданың ыдырап кеткен кездері  де болды. Сол жылдың сентябрь айында Новороссийскіні қорғауға қатыстым. Осы қаланың түбінде жаңадан жасақталған 18-і армиянынң резервтегі 195 тау арасында ұрыс жүргізетін миномент полкінда болдым. Біздің полк жау әскерлерінің топтасқан жерлеріне тұтқиылдан шабуыл жасап, олардың қорғанысын жиі-жиі бұзып тұрды. Мұнан кейін Кубаньды жаудан тазартуға қатыстым Кранодарды жаудан азат еткен кезіміз естен кетпейді. Қиян-кескі шайқаста  қолға қару ұстап, фашистердің әскерін шегінуге мәжбүр еттік.
    Осы Кіші жерде ерліктің тамаша үлгісін көрсеткеніміз үшін біздің 195-ші Қызыл тулы Новороссийск полкына  Богдан Хмельнинский ордені берілді. 1943 жылдың ноябрь айында Керчь қаласын жаудан тазарту мақсатында бір топ десантшылар болып, ұрыс кемесінмен  шабуылға шықтық. Жау бізді байқап қалды. Пулеметтен, миноменттен оқ жаудырып, кемемізді батыруға тырысты. Дегенмен, батыл қимыл жасап, шабуылға шықтық.Керчь қаласына ұрыспен кіріп, сол жақтағы 318 ші дивизияға қослдық. Бұл сапрда көп шығынға ұшырадық. Біздің десантшылар көздеген межеден түсе алмай жау оғының  нысанасына ілікті. Сол күні қатты соққан жел десантшылардың бағытын өзгертіп тұрды. Керчты азат ету жолында көптеген жауынгере қазаға ұшырады.
    1944 жылдың апрель айында біздің полькымыз қайта жасқаталып, Севастополь қаласын жаудан тазартуға қатысты. Содан кейін жеңіс жолдары жалғаса түсті. Қырымды түгел неміс-фашистерден арылтқаннан кейін,Чехословакия жеріне келіп кірдік. Соғыстың соңғы жылдарымен 18-ші Армияның саяси бөлімінде партия мүшелігіне қабылдандым. Кіші жер мен Қырымды азат етуде Армияның  командирі Леселидзе мен саяси жетекші Л.И.Брежнев жоладастардың еңбектері айрықша болды. Олар жауынгерлерге күш-жігер беріп, Отан үшін ,ел үшін күрес жүргізудің мән-жайын, маңыздылығын түсіндіріп отырды. Сол бір сұрапыл кезеңдер біздің есімізден ешқашан ұмытылмайды.                                                                        
                                                                                 Е.Ешпанов
«Ленин туы» 1975ж