Мерген


МЕРГЕН
     Адам көңілі шөлмек сияқты нәзік қой. Оны бір ауыз сөзбен жарақаттай салу  аса қиын іс емес. « Ағайын көңілі бір атым насыбайдан қалады » деп тағы айтады емес пе?
     Көңіл қалу жайлы бастап, көңіл ауу жөнінде ұмытудың қандай реті болар екен. Екеуі қарама-қарсы  ұғым ғой. Көңілдің  нәзіктігі сонша, кейде жүз танысыңды көргенде бір досыңды, ағайыныңды кездестіргендей  әсерде қаласың. Келісіңіз. Оның есімін де білмеуің мүмкін. Бірақ сол қоңыр дауыс, жылы жүз өзіне баурап алады. Адамдар бойындағы «достық»  деген ұлы қасиеттің негізгі осылай қаланы бастағанын байқамай қалуы мүмкін.Осы жайды айтудың себебі және бар. Жұмыс бабымен  әріректе Жем бойы  азаматтары арасында  болғанымызда  Қопай Шонаевпен  кездесіп, бірер күн бірге  ел аралағанбыз.Ол сол жылдары қырық деген ауылға мол бекінген  арықша келген кел бетті жігіт болатын.  Жұқа шашы самай тұсында бозара бастаған еді.
     Кіндік кесіп,  кір жуған өзін  қанағаттандырған елі жер – суы  жайлы ауылының азаматтары туралы  Қопай қызық әңгіме айтқан. Баршаға молынан таныс   « Жем қайда,Сағыз қайда.   Қайнар қайда » деген халық  әңге қосқан тарихта      қаз-қалпында  жыр еткен еді.  Атамекен жайлы сол күнгі әңгіме оны жеткізуші ағасы Қопай Шонев әлі есімізде.
     Арада жеті-сегіз жыл өтіп үлгерді.  Бірақ ауыл арасы жақын болғанымен   тағы да кездесудің сәті түспей қойды. Әйтсе де телефон арқылы Байғанин жерінен әлме-әлі төбе қатынап жатқан азаматтар арқылы хабардармыз. Осы жылдарда Қопай жайлы бірде,бір өгей сөз естілмеді.Сырттай  көңіл қуанады, жақсы есім жаныңды жадыратады. Көңіл деген нәзік күштің бір рахаты осы деп білем.
     Соғыс басталғанда  Қопай  Шонаев  он бес жастағы бозбала еді. Сол бір қиын кезең ол ұрпақты тез есейтті емес пе?.  Өмірдің  балаң балалық нәрлі кезеңі ұмыт болды. 16 жасқа жетер-жетпесте  қазіргі « Қаражар » колхозында  есепші-бухалтер  болып жұмысқа орналасқан. Осы қызыметте  бір жылға таяу істеген  соң ол майданға шақырылды.
     Ол  900  күн  алғы  шепте болды. Туған елдің көптеген қалалары мен  селоларын жаудан тазарту операцияларына қатысты.  Қопай  мереке күндері өзінің  наградаларын  тағып шығады.     Онда  « Ерлігі үшін », « Еңбекте үздік шыққаны үшін »  деген тамаша жазулар бар. Ажарлы жігіт осы сәттерде тіпті ажарлана түседі.
     Қопайдың  от басында  альбомдарын қарап отырып, тілдей ғана газет қиындысын кездестірдім. Ол үшінші  Белорусс  майданында  1945 жылы шығып тұрған газетте басылған хабар екен. Хабар « Алғашқы бес фриц » деп аталады. Онда мынадай жолдар бар: « Жас мерген  Қопай Шонаев  өте  дәл  атады. Тек соңғы күндердің  өзінде ол бес  гитлершілді жер жастандырды, оның екеуі артиллерия байқаушысы болатын.
     Мен белгілі мерген Морозовтың  шәкіртімін,- деді  Шопаев.- Өз ұстазымнан үлгі алуға бар күшімді саламын».
     Белоруссия майданының 417- ші атқыштар  полкі құрамында Қопай  аға өз құрбыларымен бірге қас жауға қарсы  туған халқының батырлары сияқты  батыл соғысты. Кезекті  бір ұрыс  кезінде  Қопай  ауыр жараланды.
     Ұлы  Жеңістен  кейін  ол елге, туған   жерге оралып, бейбіт   еңбекке араласты. 16 жасында  бастаған ісін қайта  жалғастырылды. Қопай  Шонаев  1965 жылға дейін колхозда  бухалтер, ауылдық  Совет атқару  комитетінің председателі, совхоз  партия комитетінің секретары қызыметінде болды.
     Міне, он жыл бойы  Шонаев  Байғанин аудандық  халықтық бақылау комитетінің председателі болып істеп келеді. Ол ел арасында беделді, абройлы, құрметті азамат. Облыстық халықтық бақылау  комитетінде де Шонаев жайлы осылай дейді.
     Еліміз  өміріндегі ұлы мереке – Жеңіс  күні  жақындап келеді. Отанымыздың  тәуелсіздігі,  бақыты үшін  күресіп, оны қорғап қалған ұрпақ  өкілдерінің  ерлік істерін елі еске алып жатыр. Жем, Сағыз бойында есімі  облысымызға таныс азаматтар көп. Олар – Совет  Одағының  Батыры  Қ.Жазықов , Даңқ орденінің толық кавалері  С.Ешпаев  және басқалары. Қопай  Шонаев та халық құрмет тұтатын ардагердің бірі.

                                                                              М.Мырзағұлов
Коммунизм жолы 1975 ж