Есімізден кетпейді

    Соғыс кезінде майдандық газеттердің тілшісі болған жазушы Саду Машақов өз естелігінде былай дейді:
        «Ол Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Қаражар ауыл Советінің азаматы екен. Өзін сержант Ахмет Мәтжановпын,-деп таныстырды...
Мәтжанов взводының жауынгерлері жаудың бекінісіне бірінші болып кіріп,көпи олжа түсірді жаудың он солдаты мен бір офицері қолға түсті.осы жолы командование ұрыста көрсеткен ерлігі үшін, ұрыс техникасын үшін сержант Ахмет Мәтжановты үшінші дәрежелі «Даңқ» орденімен наградтады».(«Есімізде қанды майдан жорықтар»естелігінен)
    Ұрпақтар жыл өткен сайын көп ұлтты халықтар семьясынан тұратын Отанымызды қорғау жолында құрбан болған әке-ағаларды есінен шығармақ емес. Сондықтан оларды есте сақтау азаматтық борыш. А.Мәтжанов осы ауылдың майданға кеткендердің бірі еді.
   1941 жылы Байғанин ауданының № 9 ауыл Советіне қарайтын Қаражар колхозы болатын. Соғыстың алғашқы жылында –ақ 47 колхоз мүшесі армияға алынса, одан кейінгі соғыс жылдарында отыз бес –барлығы 82 адам майданға кетті.  
    Сол бір ауыр кезеңде ерін, балаларын майдаға аттандырған әйелдер, әке-шешеелер тыл шаруашылығын шайқалтпауға, қайткенде жауды жеңу жолында ,туысқан Коммунистік партиямыз алға қойған шараларды іс жүзінде орындауда ұйымшылдықпен еңбек етті, қиындықты жеңі жолында күресті. Колхозшылар Ағитпаш пен Айымжан, Нұрманова Боган, Аманова Зылиха, Ұбашнева Қатира, Жақаева  Мақым , Құлтасова Ынтазар, Молдина Орал сияқты әйелдер ерекше көзге түсті.
    Соғыс басталған күннен аяқталғанға дейін өзінің бригадирлік жұмысында Ұзақбаев Төрехан, сиыршы Мусин Қомыт, шопан Шонтин Әбіш пен Нұрмағанбетов Шәудірбайлар елеулі еңбектерімен көрінді
    Міне, жоғарыда айтылған елі үшін жан қиған, соғыстан оралмаған жауынгерлер мен тылда ерен еңбегімен көрінген колхоз мүшелерінің ұрпақтарының көпшілігі бүгінде «Ақжар» совхозының №2 фермасында еңбек етуде.
  Фермадағы сегіз жылдық мектептің пионер бөлмесінде «оралмаған солдаттар», «Жерлесіміздің ерлік жолдары» «Соғыстан келгендер сөйлейді», «Тыл – соғыс кезінде» деген тақырыптарда жасалған стендтер соғыс жылдарының тарихынан сыр шертіп тұр., дегенмен ондағы материалдар әлі де толықтыруды, іздестіруді күтуде. Сол мақсатта есімдері аталған жауынгерлер туралы білетіндер болса, хат күтеміз. 

Б. Жақанов. мұғалім.
                                                              «Коммунизм жолы» газеті, 
1985жыл,
                                   10 май.