Бақытты өмір үшін белдестік


БАҚЫТТЫ ӨМІР ҮШІН БЕЛДЕСТІК

     Мен армияға 1942 жылы 8 февральда алындым. Оған дейін елде мұғалім болып жұмыс жасадым.    Сол жылдың октябрь айында Батыс  майданға барып, 238 атқыштар дивизиясы 830 атқыштар покінің құрамындағы 2- батальон сапында алғаш рет ұрысқа кірдім.Осы ұрыста қатты жараланып, Киров қаласындағы госпитальға түстім. Госпитальдан шыққаннан кейін, 1943 жылдың февралінде Рыбинск қаласында жасақталып жатқан минмент полкінің құрамына еніп, барлаушылар бөлімшесіне командир болып тағайындалдым. Полк 1943 жылы  8 майда Белгород түбінде соғысқа кірді. Мен осы полктің құрамында Ұлы Отан соғысы аяқталғанша болдым. Жеңіс күнін Прага қаласынан 17 километр жерде тұрып қарсы алдық.
     Соғыста талай қиын кезеңдерді де, қуанышты күндерді  де бастан кешірдік.бірақ алға қойған мақсатымыз жауды тезірек құрту еді. Жеңіс күнгі қуанышымызда шек болған жоқ. Соғыс жылдарында сіңірген еңбегімді Отанымыз жоғары бағалады. Үшінші дәрежелі Даңқ орденімен және бірнеш  медальдармен наградталдым Елге 1945 жылдың аяғында оралып, мемандығым бойынша қызметке орналастым, жас ұрпақты тәрбиелеу саласында күш жұмсап, еңбек етіп келемін. Ел бақыты – бейбітшілікте ғой. Бүгінгі ұрпақтың бақытты өмірі үшін бейбітшілік баянды болсын деймін.

 Райым Қосуақов.
барлаушылар бөлімшесінң  командирі.
«Ленин туы» газеті 1975ж