Жолдастық көмек


ЖОЛДАСТЫҚ КӨМЕК

     Соғыстың нағыз қаһарлы кезі болатын. Ротамыздың командирі аға лейтенант Гейлалах мені жеке шақырып алып, жауынгерлік тапсырма берді. Бізден 800 метр жердегі биіктеу төбеге жау бекінісі орналасқан еді. Соны жою біздің  бөлімшенің үлесіне тиді. Биіктен төбе етегі теп-тегіс көрінері анық. Сондықтан да өте сақтықпен жылдып келеміз. Міне, ақыры төбеге де таялып қалдық. Жаудың мергендері дүрбімен қарап әрбір қозғалысты есепке ала отырып, біздің қатарымызды сирете бастады. Бойды жасыратын қорғанымыз бір-екі қарыстай ұзын өскен қалың шөп қана. Сәл көтерілсең ажал оғы жұлып түседі. Дұшпанның үш ДЗОТ-ын құртып төбені алудың өзі қиял жетпестей қиындыққа түсті.
     Ажалға қарсы тұрып алға  жылжып келеміз. Менімен қатарласа жатқан Саламанов деген өзбек жігіті бар еді. Бір кезде соған  көзім түсіп еді, өңі бозарып тістене келеді екен. мені оны дереу тоқтатып не болғанын сұрадым. Ол сол қолын көрсетті.Қызумен байқамай еңбектей беріпті. Шынтақтың түбінен сол қолын жау оғы сындырып кетіпті.ептеп киімін шешіп қарасам, қан ағыл-тегіл ағып жатыр екен.
     Менде бинт немесе иод та жоқ. Ал санбат болса кейінде бір шақырым жерде қалды. Жаралы Саламонов қатты қиналып жатыр. Не де болса дереу әрекетке кірістім. Оның гимнастеркасының жағасынан қанжар пышақпен тіліп, сыңған сүйектің екі жерінен екі-үш қайтара орадым да әлгі қаншар пышақты тіреу етіп сынған қолды үш жерден мықтап байладым. Жаралының жағдайы тым ауыр еді. Оны тез жеткізу шрасын алдым. Содан кейін байланысшы Аяған деген жігітке жаралыны медсанбатқа жеткізуді тасырдым. Әлгі Саламонов өзін алып кетерде «жақсылығыңды өмірі ұмытпймын, сен болмағанда менің тағдырым  не болар еді» деп жылап айырылысты.
     Бұл күні  қараңғы түсе дұшпанның үш ДЗОТ-тың жойын, 100 метр алға жылжыдық. Әрине, мұның бәрі тек айтуға жеңіл. Әрбір метр жердің қаншалықты қиындықпен келгендігін көзге елестетудің өзі ауыр тиеді. Қазіргі кездері сол бір қиын шақтарды ойға алсам, майдандас жауынгер еріксіз еске түседі.
     Тосқауылда тұрған біздің бөлімшеге барлаушыларымыз «генерал Тадь бастаған танк дивизиясы жақындап келеді!» деп хабаралады. Артына жаяу әскерлерін тізіп келе жатқан жаудың елу танкілеріне қарсы тосқауыл болып тұруға біздің күшіміз тең емес, сондықтан да шегіне жүріп ұрыс салдық, шегіну жөнінде бұйрық алғанбыз.Бұл 1942 жылдың  28 инюь күні еді.
   Біздің взвод кейін шегінушілерді қорғап, атыс салуға тапсырма алды. Өз күшімізді жауға қарсы толық күйде пайдалану мақсатында взводты үш топқа бөлдім. Автоматшылар, ПТР атқыштары,қол пулеметі бірінші топ, жаяу әскер,екі максим пулеметі  екінші топ, он жауынгер, екі қол пулеметі  бір максим пулеметі үшінші  топ  бөлінді.Жау дивизиясы біздің тосқауылға жақындап келіп оқ жаудыра бастады. Қаптаған танктер бейне бізді тапап өтіп кететіндей бар жылдамдығын  қосып атыс салып кетеді. Біздер де барлық күшімізбен қарсыласып, атысып жатырмыз.
     Кенет «жараландым» деп қазақша қатты айқаймен шыққан дауыс құлағыма шалынды. Дауыс шыққан тұсқа жүгіріп жеттім. Бұрынғы максим пулеметінің атқышы, қазіргі байланысшымыз Аяған Ұзақбаев екен. Жау оғы оның астыңғы қабырғаны тесіп өтіпті.Ауыр  дем алып, қатты қиналысқа түсіпті. «Өлетін шығармын» дейді. «Ештеңе етпейді, әлі жазылып кетесің» деп, сөзбен демеп жәрдем беруге кірістім. Денесінен аққан қан тиылар емес. Жарақатты мұқияттап таңдым. Взводтың  жәрдемші командирі Тоғжанов пен Водопаевқа взводты тапсырдым да, жаралыны  иығыма салып санбатқа қарай еңбектей жөнелдім. Әрі-бері еңбектеп жылжыдым да, жүріс өнбейтін болған соң, түрегеліп жүгіре жөнелдім. Үстіме жараланың қаны ағып кледі. Өзім де әбден титықтап шаршайын дедім. Жолшыбай  «жолдас сержант, ауыр жаралымын мені де тастамай ала кетіңізші деген дауыс шықты. Келіп қарасам бірінші взводтың максим пулметінің атқышы екен. (Атын ұмытып қалдым)  «Екеуіңді кезек арқалап апарар едім, бірақ мына үстімдегі Ұзақбаевтың жарақаты өте ауыр, қан тиылмай үстіме ағып кел жатқанын көріп тұрсың ғой. Мұны кідіртуге болмайды. Жолдағы взвод адамдарына айтармын. Өзіңе-өзің берік бол» деп санбатқа  қарай тез  жүгіре жөнелдім. Айтқандай-ақ, жолда рота мен взвод командирлері кездесті. Ана жақта жаралы жауынгер қалғанын айттым. Өзім өліп-өшіп санбатқа Ұзақбаевты  әзер жеткіздім. Менің көрсеткен жауынгерлік жәрдемімді әскери басшылар әділ бағалады.

                                                  Шаймырза Дәржанов.
«Ленин туы» 1975 жыл