«Күркіркеп
күндей өтті соғыс...» деп ақын жырлағандай. 1941-45 жылдардағы Үлы Отан
соғысында жүріп өткен тарихи жолымыздағы
айрықша есте қалған уақыт болды. Бұл кезеңнің ауыртпалығын майдан
даласындағы жауынгерлер және жау уақытша басып алған территориядағы совет
адамдары ғана емес, тылдағы халықта бастан кешірді ғой. Ел шетіне жау тигенде ,
ер азаматтардың бәрі қолына қару алап, майданға аттанды. Күні кеше солар
атқарып жүрген ауыр істер енді қыз-келіншектерге, еңкейген кәрі мен буыны
бекімеген жастарға қарап қалды. Бірақ олар қиындықтан қорықпады. Белді бекем
буып, өз күш жігерлерін жауды талқандау ісіне арнады. Менің есіме осы айтулы
кезеңде коллективке басшы, жетім мен жесірге қамқор болған коммунист Нағима
Әбдешова бейнесі түседі. Өзгеден бәлендей ерекшелігі жоқ осы бір қарапайым
келіншектің бойындағы шұғыл өзгеріс уақыт талабымен үндесіп жатқандай еді. Ол
көзі ашық коммунист болғандықтан, партия мен үкімет алға қойған ұлы міндеттерді
дұрыс түсінді. Барлық күшті майдан қажеттерін өтеуге жұмсау қажеттігін өз
ауылдастарына жете ұғындыра білді.
1942-43 жылдарда №5 ауылдық Советінің председателі болып жүріп,
шаруашылықтың барлық салаларына белсене араласты. Армия қатарына
шақырылғандарды жинау және оларды жөнелту, майдан үшін азық түлік өндіру, жылы
киімдер тіккізу, соғыстан жаралы болып оралғандарға қамқорлық жасау, соғыста
қаза болғандардың семьяларымен қайғы бөлісу осылардың бәрі қаншалықты ерік
жігерді талап етті десеңізші. Нағима осылардың бел ортасында жүрді. Бірде салт
мініп аудан орталығына бара жатса, бірде қолына шалғы немесе қол орақ алып қызу
еңбекке араласып кететін. Сол жылдарда соғыс жүріп жатқан жерлерден
эвакуацияланған малдарды, оларды айдап келген семьяларды орналастыру да оңай
шаруа емес еді. Н.Әлдешова бұл адамдарға бауырластықтың үлгісін көрсетіп
отырды.
Аудан партия
ұйымы оны колхоз басқармасы бастауыш партия ұйымының секретары , ферма
басқарушысы қызметіне жұмсады. Ол осы жұмыстарды коммунистке тән
жауапкершілікпен атқарып, көрсетілген сенімді абыроймен атқарып отырды.
Соғыстан кейінгі жылдарда ол сауда жұмысына жіберілді. Бұл да уақытында оңай
жұмыс емес еді. Оныі үстіне жлдасы Керей Әбдешов майдан даласынан оралмады.
Қолында қалған жалғыз баласы Күләш әлі жас еді. Осы ауыртпалықты, қам-қарекетті
көтеру қаншалықты қиын болғанмен , өндірістік қоғамдық міндеттерді орындау
жауапкершілігін Нағима бәрінен жоғары қоятын. Сондай абзал адам, адал коммунист
1949 жылғы қыстың боранды күнінде салт атпен отчет беріп, Жарқамыстан қайтып
келе жатқанда қайғылы қазаға ұшырады. Нағиманың есімін ауылдастары қадір де зор
құрмет тұтады. Осы жолдардың авторы
1942-43 жылдары Н.Әбдншова басшылық еткен ауыл Советінің секретары еді.
Сондықтан Ұлы Октябрь мерекесі қарсаңында
бұл коммунистің жарқын бейнесі
оны білетіндердің есіне салуды өзімнің азаматтық парызым деп есептедім.
Қ. Жұматаев.
Соғыс және еңбек ардагері.
Байғанин поселкесі.
Ленин туы 31 октябрь,
1987 жыл.