Жастық
шағын соғысқа беріп, елін қорғауда аянып қалмаған сол шақтағы жауынгер бозбала
бүгінде ардақталып жатқан ардагерлеріміздің бірі. Бүгінде сексеннен сеңгіріне
аяқ басқан Сағынбаев Мырзахан ата бойындағы күш-қуаты тасып тұрған шағын соғысқа арнаған, Кемерши ауылныда қалған екі
ардагердің бірі.
Сағынбаев Мырзахан
Байғанин ауданы, «Қызыл бұлақ» ауылдық округіне қарасты Кемерши ауылында 1924 жылы дүниеге келген. Ес
жинап ес жинағаннан –ақ колхоз жұмысына бел шеше кірісіп, еңбек етеді.
Туған жеріне еңбегін сііру жолында шөп шауып, пішен орып
жүрген жас бозбала 1942 жылы соғысқа шақырылады. Темір аудандық әскери
комисссариаты арқылы әскер қатарына алынып Қиыр Шығысқа аттанған ол № 113
инженерлік полк отрядында сапер қызметін атқарады. Ал, сол жылдың желтоқсан
айынан Тынық мұхитында № 53 арнаулы пулеметшілер бригадасында пулеметші болады.
Соғыста болған оқиғаларынан есінеештеңе оралмаған ардагерді түсінуге тырысқан жөн дер едім. Себебі, Ұлы Отан соғысы
аяқталғаннан кейін де елге қайтпай, қыркүйек айында басталған соғысқа қатысады.
Кеңес Одағының Жапонияға ашқан 1945 жылғы соғысын да бастан өткереді. Бірнеше
уақытқа созылған майдан жанын жаралап
жібереді. Осы соғыста контузия алған ардагер екі құлағының местуінен бірдей
айырылған. Госпиталь төсегінен тек бір құлағын емдетіп тұрған атамызды 1947
жылғы наурыз айында ғана елге қайтарады.
Елге келген бетте-ақ колхоз жұмысына кіріскен, колхозшы болған. 1950 жылы трактор жүргізудің шебері болмаққа
оқуын оқып алады. Сол кезде аудан орталығы болған Жарқамыста МТС
(машина-трактор станциясы) құрылып, трактор жүргізу ісіне құлшына
кіріседі. 1954 жылға дейін трактор
бригадасында бригадир болып жұмыс жасаған. Ал, 1958 жылға дейін тың жерді
игеруге қатысады. Ал, 1958 жылға дейін тың жерді игеруге қатысады.
Сол жылдары МТС таратылады да, ардагер өз туған жері Кемершиге қайтып келеді.
Трактор бригадасының бригадирі қызметін қайта қолға алғаннан зейнеткерлікке шыққанша колхоз жұмысынан бас
ламаған. 1984 жылы аянбастан күшін сарқыған ата еңбек демалысына шығады. Кейіннен «Тың және тыңайған жерді игерудегі еңбегі
үшін» медалдарының 20 және 30 жылдығымен
марапатталып, тың жерді игерудегі сансыз еңбегі ескеріледі.
Ұрпақ тыныштығы үшін жанын аямаған ардагер «1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысында
Германияны жеңгені үшін» , «1945 жылғы Жапонияны жеңгені үшін» және Ұлы
Жеңістің әр жылдық мерейтойлары мен медальдарымен марапатталған. Сонымен қатар
«Қарулы күштерге 50 жыл» , «Астана қаласының 10 жылдығы» медальдары да атаның
соғысқа қатысып, ел бейбітшілігін нығайта түсуге қосқан зор үлесінің қайтарымы.
Бүгінде 4
ұл-қыздың әкесі. Шөберенің қолынан су іше қоймаса да, 6 немеренің ардақты атасы. Үлкен ұлының қамқорлығындағы
атаның құлақ естуі мен көзінің көруі нашарласа да өз жағдайын жаманға
жатқызбайды..
«Өмірде соғыс деген болмасын!» Ұрпақтарымыз тек
бейбітшілікте өмір сүрсін, әр адамға тек аманшылық тілеймін!» деген
бата-тілегін арнаған ардагер ақсақалға
сіз тек сексеннің сеңгіріндесіз, әлі де тоқсаның төрінен орын алыңыз
дейміз.
Болашақ
ұрпақтары үшін басын қатерге тігіп, қиын-қыстау күндерді өткізіп, кеуделерін
оққа тосқан ардагерлеріміздің ерліктері қалай айтса да жарасымды. Биылғы 65 жылдық тойға ардагерлеріміздің азы
жетті. Дегенмен, олардың ерліктері ескірмейді, керісінше әр ұрпақ бойында
мақтаныш сезімін оятып, жалындай бермек!
Г.Асылбекқызы.
«Жем-Сағыз» газеті, 2010-15 сәуір.