Біз соғысты көрген жоқпыз.Қызыл жалынға орап, адамдарды зар илеткен бомба дауысын естімедік.дегенмен сол бір
фашистер салған шеңгелдің ауыртпалығы он бес жасқа жеткен біздердің де
белімізді қатты қайыстырды. Аулдың ер азаматтары тыныштық үшін, нұрлы болашақ
үшін қан майданға аттанғанда олардың орнында
қыз-келіншектер аянбай қызмет етті. Ауылдың ер-азаматтары тыныштық үшін
, нұрлы болашақ үшін қан майданға аттанғанда олардың орнында қыз-келіншектер
аянбай еңбек етті. Енді сол жылдардан есте қалған кейбір эпизодтарға тоқтала
кетейін.
1942 жылдың сентябрь айы. «Ащыойыл» колхозында (қазіргі
Темір ауданы «Теректі» совхозы) бұл жылы да егін онша өнім бермеді. Ол кезде
қазіргідей емес, техниканың өте тапшы кезі. Өгіз жегіп, сабанмен жер
жыртамыз.жануар әрине, темір емес қой, жиі сыр беріп жатып алады.Зибаш
Сисеновадеген серігім екеуіміз де әбден болдырып,қатты шаршаймыз. Талай рет
соғысқа лағнет айтып, көз жасымызды көл
еттік. Астықты мала тіркеген төрт атпен
бастырамыз. Қырман дайындаудың өзі бір ақырет. Әбден үгіліп, дәндері түскеннен
кейін ұшырып, саанын қырманан аулақ жерге тасыимыз. Қолдағы астықты сол кезде
ысырапсыз жинап алдық. Тіпті кейбір, сүйеніші жоқ, азаматтары майданда
жүрген семьясы көп адамдарға белгілі бір
мөлшерде көмек ретінде астық та берілді. Неге екенін қайдам, техниканың гүрлеп
тұрған қазіргі заманында ауыл шаруашылығында суармаға онша көп мән берілмейді.
Ал, ол кезде суармаға аз да болса тары егетінбіз., әр адамға жап қазу үшін5
саженнен жер берілетін. Талай рет
алақанымыз күлбіреп, жара болса да жұмыстан қалмайтынбыз. Ер азаматтардың орнын
жоқтатқымыз келмейді.трактор атаулыдан екі Беларусті Б.Балғарина мен Б.қанафина
жүргізді. Екеуі де қазір «Теректі» совхозында тұрады.
Кейін мені ойыл аудандық оқу
бөһлімінің меңгерушісі шақырды. Жатаған үйлердің біріне орналасқан бұл
мекемедегі А.Қожақовтың кабинетіне
кірсем, екі-үш адам өзара сөйлесіп отыр екен.. Тосырқап тұрып қалсам
керек, аты-жөнімді байыптап сұрап алды да : «Е, Жақыптың (туған ағайым)
қарындасы екенсің ғой..Жоғары шық, кел отыр» - деп жанындағы орындықты нұсқады.
«Біәз сені Ащыойылға мұғалім етіп бекіткелі отырмыз, қалай қарайсың»деді. Сенім
артып отырған соң үлкен адамның (әрі ағайымның жолдасы) сөзін жерге тастағым
келмей келісімі бердім. Сөйтіп бір түнде мұғалім болып шыға келдім.
Сөз арасында ағайым туралы
айта кетейін. Ойылда (ол кезде біздің колхоз Ойылға қарайтын) финанс бөлімінде
агент болып жұмыс істеп жүрген жерінен 1942 жылдың январында үйге соқпастан
майданға аттанып кетті. «тәбеш, оқуыңды
алаңдамай бітір. Ел басына сыналар күн туған шақта үйге соға ламай, батысқа
кетіп барамын. Әжемді ренжітпе., қолғабысыңды аяма. Сау болыңдар!» деген тілдей қағазды бір жолаушы әкеліп берді.
Ағайым 1946 жылы июнь айында
елге аман-есен оралды. Жақыптың бір қасиеті газет-журналдары жібермей оқып
отыратын. Соғысқа дейін комсомол
комитетінің секретары болып қызмет істеп жүргенде де бір баяндама жасау үшін
бірнеше әдебиететрді пайдаланатын. Сондықтан болса керек, өзі де аудандық
газеттерге жиі мақалалар беріп тұрды. Өмірінің соңғы минутыныа дейін мақала,
корреспенденциялар жазып Октябрь аудандық «Октябрь туы» газетімен байланысын
үзген емес.
Азған шегініс жасаған болармын,
мектеп деген аты ғана болмаса, Ақерке Есенғұлова деген жалғыз әйелдің
үйінің бір бөлмесіне оқушылар жиналады.
Сап*-салқын, обалына не керек, үй иесі балалар тоңбасын деп пешке қамысты құшақ-құшағымен салады. Оның да
жылуы ұзаққа бармайды, тез суыйды. Оқушылар
екі-үш км жерден қатынап оқиды. Әсіресе, қыс кезінде өте қиын болды. Ол
кезде қазіргідей Ильич шамы жоқ, сабақ
оттың жарығымен кешке дейін өткізіліді. Оқулықтар де жеткіліксіз.
Ымырт үйіріле үйге шаршап келгенінде тіске басып, талғажау
ететінің де қуырған бидай ған. Ол кезде қазіргідей емес, бір бөлмеде үш-төрт
семья отыратын.Қазанымыз ортақ, тату-тәтті шүйркелесіп жүретінбіз. Әжемнен
басқа біздің үйде бақтылы деген жеңгем кішкентай Жидебайымен тұрды. Олар да екеу болған соң бірігіп күн көру
мақсатымен қолымызға алғанбыз. Ауылдағы соғыстан броньмен қалған кейбір «шолақ»
бастықтар күнде жеңгемді шалғайға жұмысқа айдайды. Жеңгем де белін ұзын
орамалымен байлап, азды-кем азығын алып, күтіп тұрған көлікке ілесіп, жүріп
кетеді. «шіркін –ай, ағамның жоқтығы
ғой, осылай көз түрткі болар ма еді?» деп іштей акуыр күрсінетінмін...
1943 жылдың февраль айы.Бұл қыс
өте суық болды. Халықтан ақша жинап, заем
таратудың қызған кезі. Колхоз председателі Қ.Мейірманов Зибаш екеуімізді
Байғанинге үштөрт қап қуырылған тарыны сатып келіңіздер деп жұмсады. Ащыойылдан
өзіміз түс қайта шыққанбыз. Қыстың күрмеуге келмейтін қысқы күнгі біз діттеген
жерімізге жетпей-ақ қараңғыларына бастады. Күн желкемдеу еді. Ақыры не кере,
Қарауылкелдіге үш-төрт км, қалғанда алай-дүлей боран борап, түтеді де, кетті.
Әрі қарай қарға адым басуға еш мүмкіндік жоқ. Өзімізден де тоңып барамыз.
Алыстан бір жарық талып көрінеді..Өгізді
шананың үстіндегі бар киімізбен жауып таңдық та, жаяу тарттық. Екі-ұш
аттаймыз да, омбы қарға құлаймыз.Ақ мамық қар да желімдей қойны-қойнышыңа жабыса береді. Бір кезде
бағанағы жарық айқындала түсті. Ол темір жол станциясы екен. Осы маңда Ешімбаев
деген ағаңның үйі бар деп деп әжем ескерткен еді, бақытымызға қарай ол үйді де
тез таптық. Әйелі қолы ашық, ақжарқын кісі екен. «Шырақтарым-ай , қай ауылдың
балдарысыңдар, үсімей жеттіңдер ме, әйтеуір»
-деп жік-жаппар болып қалды. Үй иесін көрген әкемізді көргендей
бейнетімізді айтып, шағынып жатырмыз. Шәй ішіп, бой жылытқан соң екеуіміз пеш
түбіне киімімізбен қисая кеттік.
Ертеңіне Ешімбаевты ертіп
барсақ тарымыз да, өгізімз де аман, ешкім тимепті. Өгіздің үстіне жапқан
киімнен адмның иісін сезген болуы керек, тарпып-тарпып екі-үш жерге дала
бөрілері қар үйіп кетіпті. Іздері ап-айқын көрініп жатыр. Сол күнгі оқиға күні
бүгінге дейін есімнен кетпейді:
Бір күні үйге Қошқарбаев
Өткелбай деген нағашым келді. Бәрімізбен
жылы амандасты да, әжеме (шешем) қарап « Апа, сіздерді көшіріп алып кетуге
келдім. Жиналыңыздар» - деді. Біз түк түсінбей аң-таңбыз. Ол өзінің Табын МТС-нің (Байғанин ауданы бұрын солай аталған)
директоры болып қызмет істейтін аз да болса көмек көрсетуге дайын екенін
естігенде лажсыз көнуге тура келді. Бір
қиын табанының ізі қалып, балалық шағыңды өткізген туған жерді тастап кету қиын
екен. Біртүрлі ет жүрегім елжіреп, қимастық сезім пайда болыдү Көшкім келмейді.
Оның үстіне екі жылдай болды, армиядағы ағайымнан хабар жоқ.
Көп ұзамай жүктерімізді (ол кезде
жөнді жүк дейтін жүк те жоқ қой) арбаға тиеп, жалғыз сиырымды жегіп, Байғанинге
бет түзедік. Нағашым айтқанын орындатқанына мәз, «Апа ,көп уайымдама, жақып та
клеле бір күні, қызы бар ғой» деп демеп қояды әжемді.
Өткелбай нағашым айтқан
сертінде тұрды. Мені өзіне секретаь – машинистка етіп қызметке алды.
Машинка басуды кәсіп етпегесін бе, қолым
жүрмей-ақ қойды Барлық қағаздарды
түнімен бойы отырып, қаламмен жазып беретінмін. Ыстық тамақ жағынан да
механизаторларға бөінетін тізімге іліктіріп, сорпа-су бүйіріміз шығып қалды.
Мұның өзі де бірте-бірте ауыртпалықтартың артта қалып, жеңәс күнін жақындығын
сездіргендей еді.
Тылдағылар ел ішіндегі бар қиындықты көтере жүріп Отан қорғаудағы
жауынгерлерге материалдық жағынан көмектесті.
Жергілікті Советтердің
ұйғарымымен әр үй соғыста жүрген әскерлерге бес пар, пар қолғап, шұлық тоқып
жіберіп отырды. Сол кездегі осыған байланысты айтылған:
« Бір саусағы дара
болсын қолғаптың
Атқан оғы мүлт кетпесін
солдаттың» - деген өлең жолдары көкейімде жатталып қалыпты. Енді жеңіс туралы бірер сөз.
1945 жылдың май айының жайма шуақ
күндерінң бірі еді. Өткен түнде жеңгем бақтылы үйге келмеді. Нәбира деген
жолдасының үйінде болар, аман-саулығын біліп келейінші деп әжем жіберген-ді. Ол
кісінің үйі станцияның қасында.
Ал,станция мен аудан торталығының арасы екі-үш км. Мен теміржол
вокзалына таянғанда-ақ қолында ақ орамалы бар орыс әйелі «Ура,ура, Победа!
Победа!» деп жанымнан жүгіріп өте берді. Вокзал басы у-шу. Бірін-бірі сүйіп
көтеріп жатыр.жеңгем де осы жер де екен. «Жарығым , біз жеңіппіз» деп мені
құшақтай алды. Қорыққан мен қуанған бірдей дегендей, денесі ток соққандай
дір-дір етеді.
Түс қайта аудан орталығында үлкен
митинг болды. Шашының алдыңғы жағы сиреп, аздап ақ түскен егделеу орыс кісі сөз
сөйледі. Біздер қуанғаннан сөйлетпей қайта-қайта қол шапалақтаймыз. Міне,
біздер қуанышты күнге осылай жеткенбіз.
Әрине, мен бұл қысқаша ған
естелігімде соғыстың бес жылын түгел
қамтуды мұрат тұтпадым. Менің мақсатым – сол бір ауыл жылдардағы ауыл өмірін
замандастарымның көрген қиындығын оқушыға бүкпесіз жеткізу еді.
Т.Бектурлина. Пенсионер,
Ақтөбе қаласы,
«Коммунизм жолы»
18 декабрь 1984ж