КІМ БІЛЕР ЕКЕН?
Оны көрмегелі міне, отыз
жыл уақыт өтті. 20609 дербес үшінші мергендер баталонының мергені немере інім
Сабас Ізбасов 1943 жылы январь айында
соғысқа алынған болатын. Оның аттанар алдындағы ақырғы сөздері әлі есімде.
Ата мен Сталинград қаласын жаудан
азат ету үшін қасық қаным қалғанша
соғысу мақсатында кетіп бара жатырмын. Тума-туыстарының алдында өзімнің
елімді, Отанымды адал қорғайтындығыма ант беремін деген еді. Сол кезде мен
өзімнің ақыл кеңесімді, бойына жігер беретін жалынды сөздерімді айтып қалған
едім.
Сарбас Байғани ауданының №9
қаражар селолық советінде туып өсті. Өзімен бірге туған інісі Тәжік қызылша
ауруының салдарынан құлағы естімей тосаң болып қалған еді.Сарбас жастайынан
жетімдік көріп, еңбекке ерте араласты. Қандағаш, Гурьев теміржолының құрылысын
салуға қатынасты. Қазіргі бейбіт өмірде сол бір жігерлі жас інімнің дерегін
білгім келеді. Сұраныс, ізденістердің нәтижесінде Сарбас Ізбасовтың 1943 жылдың 3 сентябрь күні Смоленск облысының Ельнинск ауданынан қарасты
Леонов селосында қаза тапқанын
білемін. Бірақ оның қарулас
жолдастарының кім екендіктерін, жасаған
ерлік істерін, алған наградаларының дерегін біле алмай жүрмін. Осы сұрақтарға жауап беретін адам табылар ма екен ?
Ш.Дәржанов.
Темір аудандық мемлекеттік сақтандыру
Инспекциясының инспекторы.
«Ленин
туы».1975ж