Тыл ардагері

Тыл  ардагері.
        Жастық шағын ұрлаған, елге қайғы бұлтын төндірген қаһарлы соғыс жылдары ауыл ақсақалдарыың  есінен бір сәт кетер емес. Сол сұрапыл сом соғыстың зардабын көрген 18-20 жас аралғындағы балаң жігіт қазір жасы 80-ге келген ауылымыздың  қадір тұтар қариялары. Нағыз жалындаған жігерлі жастық шағын соғысқа  арнаған, не тылда еңбек еткен азамат үшін  соғыс ауыртпалығы жеңіл болмағаны белгілі. Тылда  да соғыс үні  естіліп тұратын.
     Соғыс өрті шарпыған талай қалаларды түзетіп, тұтқын тасып, жауынгерлерге азық-түлік, киім-кешек жеткізу қиын болды. Сол қиын кезеңде аталарымыз батырлықты, жау жүректілікті қайсарлық мінездерін  көрсете білді. Соғыс кезінде тылда еңбек еткен, ең қиын кезеңдерді бастан өткізсе де мойымаған соғыс ардагеріне теңестірілген еңбек ардагерінің  бірі –Өмірзақов Өтесін. Ол жас кезінен тағдыр тауқыметін көп ткөрген, әр сөзін салмақты ойлы жеткізе білетін адамгершілік ұстанымы мол жан. Өтесін ағай 6 жасқа келгенде өзбек-түрікпен жеріне көшіп кетіп сол жерде әкесі «халық жауы» деген айыппен ұсталады. Себебі әкесі бай, ауқатты адамдар болған «Бай баласы», «халық жауының баласы» деген айдар тағылып, өзін ешбір мектеп қабылдамайды. Содан  1938 жылы елге көшіп келеді.    1939 жылы Жарқамыс орта мектебінде   оқуын жалғастырады.  6 класты оқып жүргенінде яғни 16 жасында соғыс басталып, оқуын тастап Жаңатаң колхозына келеді. Осы жерде З.Оразғалиев, С.Халықов, О.Елдесов, Н.Талтықовтармен қиын-қыстау күнді бірге кешеді. 1944 жылы армия қатарына шақырылып, соғысқа жіберіліп, тылда еңбек етеді. Қираған қалаларды, фабрика-зауыттарды түзетуге ат салысады. Жеңіс алғаннан кейін 5 жыл өткен соң 1950 жылы елге оралады. Шаруашылықтың әртүрлі саласында еңбек етеді. Содан 1969 жылдан Абай кеңшарында есепші қызметін атқарып, 1986 жылы еңбек демалысына шықты.  Қазір 7 баласын ел қатарлы жеткізіп, немере, шөбере сүйіп отырған ақсақал.                                                   

 Бақытжамал Өтенова. Қ.Жазықов атындағы орта мектеп оқушысы «Жем-Сағыз» газеті -2005жыл 2 маусым