Еңбек еткеннің еңсесі биік


     Ұлы Отан соғысының Жеңісі барша жұрттың ортақ мерекесі. Бұл ардагерлердің ержүректілігі мен төзімділіктерінің арқасында тарихта мәңгі сақталып қалған күн. Соғыстың  алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен сол кездегі жауынгерлермен қатар тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті жақындатуға үлес қосып, егін даласында және күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген өрімдей жастар яғни, бүгінгі ардагерлердің ерен еңбектері ескеріліп жатыр.бүгінде осы Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне қандай ілтипат көрсетсек те еш артықтығы жоқ. Ал, олардың ерлігі мен еңбектері біздер, яғни кейінгі ұрпақ үшін аңызға бергісіз әңгіме.Бұл ретте ауданымыздың құрметті қарттарының бірі тыл ардагері Ықылас Әбішевтен сол қиын-қыстау заманда тылдағы еңбектері жөнінде сұраған болатынбыз.
-          «Ия, Ұлы Отан соғысының жеңісіне 65 жыл толып отыр.Бұл бәрімізге  ортақ қуаныш. Соғыс жылдарындағы тылда еңбек еткеніміз есіме келіпп тырғаны... Мен 1934 жылы сонау қиын-қыстау заманда  №3Қарабатыр ауылы, Қазақстан колхозында колхозшылар отбасында дүниеге келдім. Сол кездегі 7 жылдық Қарауылкелді мектебін бітірдім. Одан кейінгі оқуымыды сол кездегі Жарқамыс орта мектебінде жалғастырып 1953 жылы бітіріп шықтым. Қан  майданға әкелеріміз, ағаларымыз Отанын қорғауға аттанып, от кешті.
   Ал, біздер бала-шаға, қарттар елде қалып, тылда аянбай еңбек еттік. Соғыс жылдарында мектепте оқып жүргенбаламыз. Жазғы демалыстарда шілденің ыстығына қарамастан арбамен сиыр фермасынан колхозшыларға сүт, айран таситынбыз. Жазғытұры тегіннің арам шөптерін жұламызал, күзге қарай егін орамыз. Ол кезде7-8 жастамыз. Мал да бақтық.Әйтеуір барлық шаруаны ауыр демей,жеңіл демей істей беретінбіз.Бүгінгі күні еңбектеріміз еленіп, ескеріліп жатыр.Мен мектепті оқып жүрген жылдарда сұрапыл соғыс та аяқталды. Мектепті бітірген жылы Темір аудандық  әскери комиссариатының жолдамасымен Ташкенттің әскери училищесіне оқуға түстім. Бұл оқуымды 1956 жылы бітіріп, лейтенант шенін алып шықтым. Ал, 1960 жылы Түркістан әскери округінің бөлімшелерінде взвод, рота командирі, сондай-ақ, 1960 жылдан 1966 жылға дейін Ырғыз, Қарабұтақ  аудандарында әскери комиссариатында комиссар орынбасары болып  та қызмет атқардым.Содан отбасымның жағдайына байланысты жұмыстан сұранып, туған жеріме оралдым да кезіндегі Байғанин аудандық тұтынушылар Одағына ұйымдастырушы қызметіне орналастым» - дейді тыл ардагері Ықылас ата.
             Ықылас атай қызмет атқара 1960 жылы Тұрышева Ақжонас әжеймен отасады. Олар Рауш пен Баян атты ұл-қызды болады. тыл ардагері 1966 жылы Москва қаласындағы кооперативтік институтын сырттай бөліміне оқуға түсіп, 1971 жылы бітірп шығады. Ол сол жылдан 1974 жылға дейін Шұбарқұдық темір жол мен Бейнеу стансаның силиция бөлімшесін басқарады. Сондай-ақ  ,Байғанин аудандық тұтынушылар Одағының кадр бөлімінде, одан кейінгі уақытта Қарауылкелді кооперациясын басқарып,1993 жылы зейнеткерлік демалысқа шығады.
       Әскери қызметін және кооперация саласындағы міндеттерді абыройлы орындап, үлгілі қызмет еткені үшін бірнеше мадақтау қағаздары мен «Кооперция саласының үздігі» төс белгісімен мадақталған. С ондай-ақ, Ықылас ата тылда көрсеткен  ерен еңбегі үшін «Еңбек ардагері» және «Ұлы отан соғысының Жеңісіне 50,55,60,65 мерекелік медальдарымен марапатталған құрметті және де ауылымыздың үлгі тұтарлық қарттарының бірі.

М.Манарбекқызы. «Жем-Сағыз» газеті,
2010-7 мамыр