Қадірменді ұстаз


ҚАДІРМЕНДІ ҰСТАЗ

     Оны  жаста, кәрі де қадірлейді. Кешегі  сұрапыл отты жылдарда Отанын қорғауда жауынгерлік  тапсырманы орындағаны  үшін  ордендермен, медельдармен наградталған. Елге келген  соң  бейбіт еңбекті жас ұрапақтарға тәрбие беруден басталды. Содан бері де ширек  ғасырдан астам уақыт өтті.
     Бұл айтып отырғанымыз Жарқамыс  орта  мектебінің  оқытушысы Сейіл  Жиенбаев  еді.Ол жастарға ұстаздық  етумен бірге  жазғы  демалыс кезінде  совхоздың  шаруашылық  жұмысына қол ұшын беріп келеді. Сейіл жақсы комбайнер. Аудандағы  интеллигенттер  ішінде  комбайнерлікті бірінші меңгерген де осы Сейіл.
     Жас ұрпақтар арасында әскери – патриоттық тәрбие тақырыбына байланысты әнгіме өткізгенде оларды қиыншылықтан қорықпайтын ержүрек  батыл болуға, әскери шеберлікті жақсы меңгеруге үйретеді.
                                                                                      
       Ж.АЛПЫСБАЕВ
«Ленин туы», 1975 ж