Өмір өткелдері


    Өзің үлгі тұтар адам туралы, ардақты азамат туралы пікір айту, ой  бөлісу оңай емес. Тіпті қиында емес деуге бөлады. Қиыны  емес, оны көп білетідігің, яғни көкейіңдегі жақсы сөздерді жеткізе аласың ба,жоқ па?
    Халқына қадірлі, ағайын –туысқа сыйлы, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Мұқанов Шәтен қадірменді қарттыққа лайық жан. Ол 1910 жылы Сартоғай ауыл советіне қарасты    Қопа елді мекенінде дүниеге келген. 4 жасында молдадан хат  танып, кейіннен ауыл шаруашылық техникалық оқу орнын бітірген.
   Содан еңбекке он төрт жасынан араласқан. Алғашқы артель ұйымдасқанда осы артельге мүше болады. Кейіннен колхозшы болып колхозға кіреді. Ел басынан өткен бүкіл тарихи оқиғалар бұл кісінің басынан да өтті. Ашаршылық, репрессия, соғыс, тың игеру – бәріне үлес қосқан ақсақалды  ардагер қазіргі таңда  -95 жаста.
   Ұлы Отан соғысына Шәтен ағамыз 1942 жылдың қаңтар айында шақырылып, майдан жорықтарын Сталинград шайқасынан бастаған. Содан Маршал К.Жуковтың армиясы  сапында І Украина, белоруссия майдандарында соғысқан. 1944 жылдың жазында  бір кезекті шабуылда ауыр жарақат алады да қос балдақпен елге оралады.
  Ұлы Отан соғысында жауынгерлік ерлігі үшін екінші дәржелеі «Ұлы Отан соғысы» орденімен және бірнеше медальдарымен марапатталды.
    Ш.Мұқанов соғыстан кейін бейбіт күнде дееңбек демалысын шыққанға дейін абыройлы еңбек етті. Елге оралысымен еңбекке араласқаннан кейін бірнеше мәрте Сам мал жиналысына (жайылысына деген болуы мүмкін Г.М.) тапсырмамен жіберілсе, ең алғаш 1949-50 жылдары шотаяқ У-2 тракторының руліне  тұңғыш тракторшы да осы ақсақал болған. Содан тың игеруге қатысты, ал одан кейін аға шопан болып жұмыс жасады. Бүкіл өмірі еңбекпен өткен ардагер қария қазір жалғыз қызының құолында, төрт немересі бар.
    Ардақты ағаның қиындықтарға шыңдалып өткен өмір жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі өнеге.   

«Жем-Сағыз» 2005 ж.қаңтардың 27-сі