Ұлы Отан
соғысына қатысқан жауынгерлер ештеңені ұмытқан жоқ . Олар
қан майданда Отан үшін кеудесін оққа төседі. Олар қан майданда Отан үшін кеудесін оққа төседі.
Олар Отан үшін өмірлерін қиған
жауынгерлерді көздерімен көрді. Сондай-ақ қан майданда көз жұмған
майдандас жолдастары үшін неміс фашистерінен кек алуға ант берді.
Осының бәрі
олардың Ұлы жеңістің жетуіне алып келді. Сол кезде Отан үшін қару алып,
аптапта, аязда мұз құрсанған қиын қыстау
күн кешкен майдангерлер қазір 80-90-ды еңсеріп тастап әр үйдің қазынасына
айналып отыр. Олардың ерліктері Отанға деген сүйіспеншілігі, патриоттық сезімдері қазіргі таңда жас ұрпаққа өнеге
болуға тиіс. Қарттар саны жылдан-жылға сиреп
келеді.
Сәдуов
Орынбасар 1923 жылы Қанжыға Алатау деген жерде дүниеге келген. 1929 жылы
Сартоғай ауылдық кеңесіне Сағыз өңіріне көшіп келді. Содан орта білім алып,
еңбек жолын колхозшы болып бастайды. Содан 1941 жылы армия қатарына алынады.
Сөйтіп Ұлы Отан соғысына және жапонияны талқандауға қатысады. 1946 жылы елге
оралады. Соғыстан кейінгі жылдары Крупская атындағы колхозда егінші, 1966 жылы «Алтай» кеңшарында
бригадир, рабкооптың тқөрағасы болып жұмыс жасайды. 1972 жылдан 1983 жылдың
маусым айына дейін, яғни еңбек демалысына шыққанша кеңшардың кәсіподақ
комитетеінің төрағасы қызметін атқарады.
Соғыс ерлігі үшін «Қызыл
жұлдыз» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Қазір елге бейбіт
өмір тілеп,немере-шөберелерінің қызығын
көруде.
Суретімен «Жем-Сағыз» газеті,
2005 жыл сәуірдің 21-і