Шияз бүгін де әдеттегідей
ерте тұрып аэропортқа қарай бет алды.
Жолшыбай аэродромға бұрылып,жіті көзбен
бір бақылап өтті. Ірі қалалардағыдай
берік бетонмен апталып жатпаса да табиғи
алаңның өзіндік тамаша көрінісі бар-ды.
Жұпар иісті көк майса шөптер көгілдір алаңның көркін келтіріп-ақ тұр. Ұшып-қонуға белгі,бағыт беретін қара,ала
жолақтар да бір сызықтың бойына тізілетіндей. Көкжиек пен көкшіл аспан күмбезін көзбен тағы да бір
шолып өтіп
болады». Оның осы хабарын асыға
күтіп отырған адамдар билет алуға кірісті. Бұл
Байғанин аэропортының
бастығы Шияз Беріковтың
жұмыс күнінің бір ғана сәті аэропорт үйіне кірді. Приборларды іске
қосты.
Сәлден кейін Ақтөбеге рация арқылы мәлімет беріп те үлгерді. Желдің
шапшаңдығы, жолаушылардың саны хабарланды. «Ақтөбеден күнделікті келетін
самолет ұшып шықты. Ол Қарауылкелді,
Оймауыт –Дияр бағыты бойынша рейс жасайды. Жолаушылар,билет алуларына.
Алғашқы еңбек жолын ол осыдан қырық жыл бұрын
аудандық баспаханадағы қызметтен бастаған болатын. Ұлы
Отан соғысы жылдарында
болған бес жылғы жауынгерлік өмір
жас жігітті ерте есейтті.
Әділдік пен ар –намыс
үшін, туған жерді фашист
езгісінен арылту жолында
қан майданның қатал
сынынан өткен Шияз 1946 жылы майданнан туған
жерге қайтып келіп, өзінің мамандығын қайта жалғастырды. Арада үш жыл өткен соң Жарқамыс
аэропортына радист болып
орналасты. Кейіннен комендант,
аэропорт бастығы болып, қызметке жоғарылатылды.
1965 жылдан
бері Шияз Байғанин
аэропортында бастық болып
қызмет етіп келеді. Өзінің жұмысын
ұқыпты, әрі жауапкершілікпен атқарып
келе жатқан Шиязды
ауданда танымайтын адам
жоқ десе де
болады. Осы бір
елгезек, жұмсақ мінезді
қарапайым адамның күнделікті жұмысының
өзі қызық та күрделі.
Оның бойында өз ісіне
деген жауапкершілік,
коммунистік принцип қасиеттері
мол жинақталған. Мінсіз
қызметі үшін № 153 Ақтөбе
азаматтық әуе флоты
басқармасының құрмет грамотасымен
наградталып,бірнеше рет
ақшалай сыйлықтарға ие болды.
аудан еңбекшілеріне лайықты
қызмет көрсетіп, олардың
сапарға шығатын талаптарын
дұрыс ұйымдастыра білгені
үшін оның есімі
аудандық партия комитетінің
құрмет кітабына жазылып, Еңбек
Қызыл Ту орденімен
наградталды.
Шағын коллективте қызмет ететін адамдардың бәрі де Шиязды
ерекше құрмет тұтады. Оның айтқан ақыл –кеңестерін, орынды
талаптарын орындап отыруға
талпынады. Осындай ауызбершіліктің нәтижесінде
аудандық аэропорт жолаушы
тасудың жылдық, тоқсандық,
айлық тапсырмаларын асыра
орындап отырады.
Аэропорт адам
игілігіне қызмет етудің тәуір
үлгілерін көрсетуде. Жолаушылардың
көптігіне байланысты қосымша
рейстер беру, жас бүлдіршіндердің қысқа
мерзімдік саяхаттарын ұйымдастыру ,
медициналық шұғыл көмек
көрсету үшін облыс
орталығынан дәрігер шақыру,
тағы да басқа көптеген игі
шаралар жасалуда. Міне осындай
ізгілікті қызметте ауданның
абзал азаматтарының бірі
Шияз Беріковтың жетекшілік, ұйымдастырушылық істері
айқын көрініс табуда.
Ж.Ұзақов. « Ленин
туы.»
1979 жыл. 3 бет