Әке туралы әңгіме

Әке туралы әңгіме

         Облыстық және аудандық газеттерде жарияланған «Ел үріккен жыл еді» деректі повестегі отызыншы жылдардағы қиын-қыстау күндерде ерлік пен батырдық көрсеткен азаматтардың өмірі мен еңбек жолдарын білетіндер табылып жатыр. Мұндай адамдар көбейе берсе жақсы.Өйткені бүгінгі жарқын өмірімізді құрысқан сол рлерді ұрпақтан –ұрпаққа жеткізіп, үлгі етіп отыру әркімнің парыз міндеті. Қайта құру ұмыт қалған жайларды өмірге оралтуда. Ерлерге тағзым етіп, ескерткіштер орнатуда. Солардың бірі –Түймебаев Сәуірбай. Ол белгілі, әрі беделді жолбасшы, жауынгер милиция қызметкері болған.  Үріккен елді қайтаруға, бандылармен күреске белсене ат салысқан, барлаушы, жер,суды жақсы білетін адам. Ұлы Отан соғысынан оралмағандардың бірі. Сәуірбайдың баласы Бекес Сәуірбаев – «Қарауылкелді» совхозы, №1 фермасындағы Көкбұлақ орта мектебінде мұғалім.біз бүгін оқырмандарға тілшіміздің Бекес Сәуірбаевпен әкеі жайында әңгімесін ұсынып отырмыз.

     Алдымен  әкем жайында асыра мақтау айта алмаймын.Ол да бәріміздің әке, ағаларымыз сияқты ел басына қиын күн туған кездерде қайнаған оқиғалардың арасында жүрген. Олар туралы біз тек шешелерімізден , ауылға аман оралған әкеміздің қатарластарынан ғана естіп білдік.
     Содан айтатыным әкемнің өмірі мен еңбек жолы ғана. Шешеміздің қолында ештеңе қалмапты. Әкеміз 1908 жылы өз ауданымызда туған. Мұрат, Төремұрат деген ағалары, Майсахан, Ығай  атты інілері болды. Сәуірбай 1928-31 жылдары ауданда әртүрлі қызмет атқарады. Ол кезеңдерде Түркпенстанға қашқан елді қайтарушылар қатарында жүреді.
     Сол кезде белгілі қарақшы Құрмашты ұстауға қатысқан екен. Әкемнің Қаңғабай деген ағайыны атқан оғын босқа жібермейтін мергендігімен аты елге жайылған адам болыпты. Құрмашты қолға түсіру мақсатымен әкем сол Қаңғабай мергенге  өтініш жасайды.. «Елге тыныштық бермей жүрген мына Құрмашты қолға түсіруге жәрдемдес.мергендігің ел қамына жараса, артық не бар» деген ғой Қаңғабай келісім беріпті. Құрмаштың елге ұрынар  жері мен уақытын аңдып, бақылап жүрген әкеміз бір күні   Қаңғабай мергеннің атып, жеңіл жарақат салуымен Құрмаш бандыны қолға түсіріпті. Үрікке елді қайыруға белсене араласып, олар аман оралады. Айта кететін жай осы үлкен күресте Сәуірбайдің інісі Майсахан Өтемістің әкесі Тойжанмен бірге болып, елді қайтарып жүрген бандылар қолынан қаза табады.
     Сәуірбай  - 1932-33 жылдары қазіргі  «Дияр» совхозының Толағай ащы деген жеріндегі Қарабатыр ауылында учаскелік  милиционер болып жұмыс істейді.   Отыз төртінші жылы осы жерде Қолқанат, Нұрмағанбет деген атақты бандылар тобы шығады. Олар ауылға жиі келіп, малы бар адамдады тонап, өлтіріп жүреді. Әкеміз бұларды да қолға түсірудің қамын жасап жүрген кезінде бандылар да қарап жатпапты. Өздерінің бастарына қауіп туғанын біліп, осы ел тонаушылар арнайы бір шабуылында Сәуірбайды өлтіріп, үйін тонап кетуге келіпті. Бұл кезде Сәуірбай үйде болмай шығады. Бірақ, олар Сәуірбайдың сауып отырған жалғыз нар түйесін, үйіндегі іліп алар заттарын тонап алып кетеді. Онысымен қоймай дүкенді түгел түптейлі.Содан соң Тәжімұраттың (Құраған, Ильяс Тәжімұратовтардың әкесі) іні Егдірдің түйесін алады. Түйесін бермеуге тырысқан Егдір осы бандылардың қолынан қаза табады. Бұл оқиғалар жөнінде  сол жылдары Жем бойында, Бесбай құмында қоныстьанып еңбек еткен бүгінде бар Жамаладин қарт жақсы біледі. Ұмытып барады екенмін Әлгі бандылар ұсталып, ақыр жазасын  алған ғой. Кінәсін өтеді ме, жоқ әлде өтемеді ме ,білмеймін, сол бандыларыдң бірі – Нұрмағанбет 1962-63 жылдары ауданымызға көшіп келіп, бір-екі жыл тұрған екен.Білетін адамдар оған: «Сен баяғыда жәбір көрсетіп едің-ау» деп айтқан көрінеді.Осындай сөзді басқалардан ести берген соң, Нұрмағанбет Түрікменстанға қайта көшіп кетіпті.
     Әкем 1934-37 жылдары Қызылбұлақ, Сартоғай ауыл советтерінің бұрынғы Көктүбек, Қарақұл,Қартемен деген ауылдарында ел тыныштығын қорғаған милиционер болған. Ол туралы Өмірзақ Өтепбергенов, Құлтан Тәжмағанбетов, Тобыш, Хасен, Табын Сәмиевтердің әкесі , Алтайдың қазіргі үлкен адамдары біледі. Бұдан кейін Балқасын Адырбаев деген кісімен екеуі Қызылорда қаласындағы милициялық училищеге оқуға жіберіліпті. Екі жылдан соң коммунист Сәуірбай Қобда ауданының Ново-алексеевка селосында ішкі істер бөлімінің бастғы қызметін атқарады. Ал 1941 жылы 7 июльде алғашқы еріктілер тобында Ұлы Отан  соғысына аттанды.
     Ол кезде мен бес жастағы баламын. Шешем Шархат екеуімізді (аты есімде жоқ шофер Жапақ ағасы милиция әкеммен бірге жұмыс істеген) ат арбамен Ақтөбеге алып барып, әкемізбен кездестірді. Соғысқа алынушылар Қарғалының бойында үлкен лагерде жиналған екен. Қазір ойласам ол Ақтөбеден жасақталған 101 дивизия, Әкеміздің айтқаны: «Ауылға хат жазды. Сендерді көшіріп алады.» деді.
     Соғыс басталған жылы ағайындарымыз Қобдадан бізді  Қарабатыр колхозына көшіріп әкелді. Мұнда келген бір жылдан соң әкеміздің ағасы Мұрат, інісі Ыңғай соғысқа кетті. Олар одан аман келіп, берігеректе  қайтыс болды. Ал, әкеміз 1942 жылы Станлинград  майданында полк комиссары, майор болып болып, сол жылдың сентябрь айында қаза табады. Соғысқа алынған жері мен ортлық архив документтерін іздестірсек,бәлкім әкеміз жайлы басқа да белгісіз деректер табылар ма еді, кім білген. Бірақ ондай іздестіру жасап жүргеніміз жоқ қой. Ауданда да  оны білетін азайып қалды. Бізге әкеміздің отаны алдындағы азаматтық міндетін абыроймен орындағаны мақтаныш.
               
     Әңгімені жазып алған Қ.Тәжібаев.
           ( Түймебаев Сәуірбайдың суреті) баласының архивінен  алынды.

«Ленин туы» газеті  1970 жыл