ЕРЛЕР ДАҢҚЫ ЕСКІРМЕЙДІ
Келер жылы Ұлы Отан
соғысының жеңіспен аяқталуына отыз жыл
толады. Бірақ жеңіс оңайлықпен келмеді. Соғыс зардабын тартпаған ошақ басы
қалған жоқ. Бірақ құрбан болған бауырлар әсте естен кетпейді. Ойымызда,
жүрегімізде мәңгі-бақи сақталады. Соңғы уақытта әрбір адам із-түзсіз жоғалып
кеткен бауырларын іздестіріп, оның соғыс жылдарындағы не істегенін, қайда кеткенін, не қайда жерленгенін
біліп алуда.
Қопа ауыл советінен екі жүзге
жуық адамның хабары белгісіз еді. Бұдан үш жыл бұрын ауылдас бауырымыз Сәду
Төленов туралы аудандық «Ленин туы» газетінен хабар оқып қуанып қалдық. Сәдудің
суреті облыстық музейде тұр. Міне, екінші жерлес, ауылдас бауырымыз Шаңдығали
Жарылғасов туралы хабар шықты. Менің алдымда жетінші гвардиялық ОИТАП
(отдельн.истребительно противо-танковой артиллерийский полк) бригадасының
ветерандар советінің бастығы, запастағы гвардия подполковнигі Владимир
Березиннің ауылдасымыз Шаңдығали Жарылғасов туралы жазған естелігі, анықтамасы,
Шаңдығали ағаның ерліктері, жаудың адам күшін, соғыс құралдарын жоқ еткен өз
есебіндегі анықтамалары, оның қандай документтерден алынғаны туралы мәліметтер,
қайда, қалай қайтыс болғаны, қайда жерленгені туралы жан-жақты жазылған бес
парақ қағазы жатыр.
Шаңдығали Жарылғасов 1916 жылы
«Баршақұм» колхозында (Крупская атындағы совхоздың №1 ферма орталығы) туған.
КПСС мүшесі, Гурьев қаласындағы оқытушылар дайындайтын курсты бітіріп, мұғалім
болып жасаған. 1941 жылы 15 декабрьде Отан қорғау үшін Қызыл Армия қатарына
алынған. Ш,Жарылғасов гвардиялық 320 ИПТАП-тың екінші гвардиялық батареясында
зеңбірек командирі болып жасады. Гвардия старшина атағы болған. Батарея
парторгі. Ш. Жарылғасов 320 гвардиялық полкке келіп, көптеген қалаларды
босатуға қатысып, ұзақ соғыс жолынан өткен. Атап айтқанда: Старый оскол мен
Белгородтан бастап Польшаның Краков қаласының солтүстік батысындағы 20 км
жердегі Прошовице елді пунктіне дейін барған. Қырғын соғыс кезінде Шәкен өзін
көрсете білді. Отанын қорғауға шексіз берілген адал коммунист екенін танытты.
Ш.Жарылғасовтың соғыстағы ерлігі
туралы В.Березин жолдас былай дейді. Шегінген неміс армиясының алдын кесіп
жойып жіберу, сөйтіп Краков қаласындағы басқа күшпен қосылуға кедергі жасау
керек еді. Полк командирі гвардия полковнигі С.М.Аверкеев осындай бұйрық берді.
Ол кезде мен полктың барлаушы бөлімінің командирі едім. Шабулды бастау тылдағы
барлаушылар біздерге жүктелді. Мен және барлаушылар К.Тамбовцев, М.Мазиев,
«Максим» пулеметінің атқышы Д.Чернов тағы басқалары автомашинаға мініп,
Прошовице жанындағы тас жолға беттедік. Жол бойы Ш.Жарылғасовтың зеңбірек
расчетына соғып, Артиллериялық атыс арқылы бізге қостау жасаңыз деп сұрадым
–мен. Қолдаймыз деді Жарылғасов. Тас жол бойындағы Прошовицедегі немістерге
артиллериядан аяусыз оқ атылды. Іле-шала бізде пулемет, автоматтан оқ жаудырып,
тас жолдағы немістерді құртып, Прошовицеге кірдік. Немістер мұндай тосын шабуыл
күтпесе керек.беталды атып, есі шықты.
Біздің жанымыздан Ш.Жарылғасов
зеңбірегі қалмады. Ш.Жарылғасовтың зеңбірекпен қолдауы арқасында біздің полк Прошовициге кіріп, жауды одан
қуып шықты. Ұрыстың ең соңғы қызу шағында Ш.Жарылғасовтың тягачь машинасына
жаудың снаряды түсіп, машина жана бастады. Машина үстінде қару жарақ бар еді.
Жарылыс болу қаупі туды. Бригада парторгы, командир Ш.Жарылғасов өртті
сөндіруге кірісіп кетті. Отан үшін жанын қиып, қару- жарақты аман алып қалды.
Сөйтіп бригада, полк ұрыста ұтты. Полк ариллеристері Прошовицті алып,
немістердің Краковқа өтуіне жол бермеді. Іле Краков қаласы да жаудан азат
етілді.
Жоғары Бас қолбасшының 1945 жылғы
19 январьдағы №230 бұйрығымен Краков
қаласын алғаны үшін біздің полкке, оның жауынгерлеріне алғыс жариялады.
Москвада арнаулы салют берілді. Ш.Жарылғасовтың ерлігі, батылдығы өз
жолдастарына мысал болды. Жауынгерлер одан үлгі алды. 320 гвардия ИПТАП –тың №2
батареясының зеңбірек командирі, гвардия старшина Ш.Жарылғасовтың өз есебі
бойынша 320 полкке келіп ұрысқа араласқаннан бері, оның орудиясы жаудың 5
танкін, 9 пулеметін, 12 қол пулеметін, 2 дзотын, 12 атқылау белгілерін құртты.
Немістің 150 офицер,солдаттарын жоқ етті. Бұл ерліктері үшін ол «Қызыл Жұлдыз», 111 Дәрежелі «Даңқ»
орденімен, Ерлігі үшін медалімен наградталды. Ұрыстың қиын кезеңдерінде
жауынгерлерді жау шабуылына қарсы көтеріп, совет қаруының басымдылығын паш етіп
отырды делінген документте. 320 гвардиялық полктің командирі Авкркеев қол
қойған бұл анықтама 1944 жылдың 18 ноябрінде жазылған қорғаныс министрлігінің
архивінде сақталуда.
Қорғаныс Министрлігінің архивінде
Шаңдығали Жарылғасовтың соғысқа дейін қайда тұрғаны, апасы Жарылғасова
Сақтағанның қайда екені жазылған.1945 жылы 17 январда Краков воеводстосына
қарайтын Прошовице елді пунктінің оңтүстік батыс жақ шетіне жерленгені
айтылған. Ш.Жарылғасовпен бірге полкте болған В.Березин биыл польшаның азат
етілгеніне 30 жыл толу мерекесіне қатысып,, Краков қаласында болып қайтқан. Бірақ Прошовицеге соғуңа уақыт
тар болған. .В.Березин соғыстан кейін әскер комиссариатында ондаған жыл бойы
қызмете тіп келген. Қазір пенсияда.
Ауылдасымыз Шаңдығали Жарылғасовтың ерлік істері
мәңгі бақи есімізден кетпейді.
М.Бозжанов.
Крупская
атындағы совхоз.
«Ленин туы» . 1975 жыл
«Ленин туы» . 1975 жыл