Ел басына күн туып, ер
етігімен қан кешкен сонау Ұлы Отан соғысының сұрапыл шайқасын басынан түгел
өткеріп, соғыстан кейінгі бейбіт ел еңбегіне араласқан ардақты ардагерлеріні
бірі – Жайлы Амандықов. Түтеп тұрған қан майданның қақ ортасында болып, жеңісті
23 жасында қарсы алған бозбала бүгінде сексеннің сеңгіріне шығып, тоқсанға
таяды. Кемпірімен отасқанына 60 жылдан асқан уақытта гауһар той тойлап,
балаларының ортасында шат-шадыман өмір сүріп, шөберенің қолынан су ішіп отыр.
Демек, Ұлы жеңістің 65 жылдығы қарсаңы Жайлы атай үшін тойдың тойға ұласқан
жылы.
Бүгінгі таңда жеңіс туын желбіретіп елге қайтқандардың қатары сиреп-ақ
қалды. Дегенмен қолдағыны бағалайтын кез.
«Мінеки, туған
елге келдім аман келдім, Көрсетіп көрінгенге сәлем бердім» - деп Ұлы Отан
соғысы Жеңісінің 65 жылдық мерейтойына
аман жеткен ардагерлеріміздің бірі Жайлы атамыз редакцияға ат басын
бұрып, Көкбұлақ ауылынан арнайы соғыс күндерінен естелік айтпаққа келіпті.
1941-1945
жылдардағы соғыс қаншама жанның балалық шағын, жастық шағын ұрлады. Біздің
кейіпкеріміз Жайлы Амадықовтың жалындаған жастық шағы да сол зұлмат кезеңге
сәйкес келеді. 1922 жылы бұрынғы «Қызыту» серіктестігінде (кейінгі № 6 Көлтабан ауыл советі) туған ол 1932 жылы
әкесінен айырылғаннан кейін Темір қаласындағы «Қонжар» балалр үйінде
тәрбиеленуге қабылданған. Орталаау (7
кластық) білім алған соң Ақтөбе қаласындағы № 6 қазақ орта мектебі жанындағы
интерната білімін жалғастырады. 1937 жылы озат оқушы ретінде Темір қаласындағы
педагогикалық техникумға түсіп, оны 1939 жылы мұғалім болып аяқтап шығады.
Өзінің қалаулы мамандығы бойынша жұмыс жасап жүргенде соғыс басталып, әуелі
ағасы Қажи аттанады. Ағасынан «қара қағаз» алғанда жанын жауларға деген ызы кернейді.
- «Ағам өліп
соғыста, семья қалған. Мен де кекпен жауларды қырмақ болғам.» - деп 1942
жылы соғыс даласына өзім сұранып бардым. Осылайша әңгімесін бастаған атамыз
өзінің соғыста қолданған пулеметіндей епкіндете түсті.
- «Жазында 1942
нің майдан кеттік. Тайсалмай Отан үшін жан пида» деп, ептеп өлең де
«шимайлайтын» атайдың көзі ашық, әрі орысшасы
болғандықтан 6 айлық офицерлер курсына қабылданады. Әуелі соғысудың теориялық қырын меңгерген атай :
- Соғысқа
келгеннен-ақ пулеметші болуды ойладым.білесің бе, пулемет бір атқанда 250 оқты
боратады. Пулеметтен оқ атқанда алдыңды жайпап кетесің. Бұл қару егін оратын
комбайн сияқты ғой. Мен сол кездегі өте аз пулеметке өзімнің оқыған,
сауаттығымның арқасында ие болдым, - деп өткен шақты мақтанышпен күлімсіреп
еске алды ардагер ата.
- Мен Кавказ жерінде соғыстым. Сталинградқа жауды өткізбеу үшін болған
«бірінші операциямды» айтып берейін, -деп қозғалып қойды.
1942 жыл болатын. Жау келеді
дегеннен –ақ ыза-кекпен олардың
жақындауын тосып жаттық.
Командирдің «атыңдар» деген бұйрығын естігеннен – ақ оқты бораттым келіп. Менің
қолымда сол кездерде өте қат «максим» деген пулемет. Біршама уақыт өтті. Дауыс
бәсеңдеп қалды. Не болғанын білмекке жан-жағым жан-жағымды барлап қарай
бастадым. Окоптан шығып кеткенміді де байқамай қалыппын. Мені көздеп отырған
жаудың снайпері сол сәтті ұтымды пайдалан білді. Сол аяғым шым ете қалып, аяғым
жылып сала берді. «Екі қолым аман,
көкірегім сау емес пе?» жалғастыра берейін дегеніммен көмекшім қаруды басқаруды
өзіне беріп, менің кейін шегінуім керектігін айтты. Мен көнбей тайталасып
тұрғанымда, командирде, санитар қыздар да келіп , әй-шәйға қарамай мені екі
қолтығымнан демеп алып кетті. Орман ішінде тасада тұрған ат арбаға салып, әуелі
санитарлық бөлімге, кейін Нальчик қаласындағы госпитальға алып кетті. Мені
атқан жаудың снайперін біздің снайпер көздеп атып, ұшырып түсіріпті.
Әскери
ауруханадан тыңайып, күш жинап шыққан Жайлы атаның жауды жеңуге деген ынтасы
күшейе түсті. Себебі сол ұрыстағы еңбегі еленіп, «Қызыл Жұлдыз» орденімен
наградталады. Алғашқы марапатын рота командирінің саяси бөлім жөніндегі
орынбасары хабарлайды. Полк командирінің шақыртуымен штабқа барған жауынгерге
құпия бөлімге баруды бұйырады. Ол бөлімде оған мән-жайды түсіндіреді. Кавказ
халықтарының тілінің қазақ тіліне ұқсатығы болғандықтан шығар, оған ел ішінде
тыңшы болуды бұйырады. Себебі , фашистердің бір есебі Кеңес Одағына іріткі салу
болатын. Кавказ халқы сол кездегі «саяси
сенімсіз» халық болғаны тарихтан мәлім.
- Соғыс
заманында «Тау халқы әскерге бармайды,
барса қашып кетеді» деген әңгіме қылаң
берді. Сол себепті ел ішінен «тіл» ұстап әкелу тапсырмасы берілді.
Бұл бөлімде
«Ербатыров» боп тегін өзгертіп, тапсырма
орындауға кіріседі.Қасындағы солдатпен қоса қала сыртына шығып, кімді әкелмекті ойлап тұрғандарында
бір әйел көздлеріне түседі. Шөпшек термек боп бара жатқан сол әйелдің соңына
түсіп, алысқа ұзатпай еріп жүреді.
- Ол әйелді бұрын да бір-екі рет көргенмін.
Тегін емес-ау деп секем алдым.Бекер күдіктенбеппін. Қаладан біраз ұзап кетіп,
орманға кіргенде ұстадық .Сөйтсек тауда күйеуі жасырынып жатыр екен. Оған хабар
айтып, әрі тамақ таситын болып шықты. Содан әйелдің айтқан жолымен күйеуін
тауып, жертөледен алып шығып келе жатқанымда қолыма оқ тиді. Сөйтсем
талдың басында біреу отыр екен. Соның
арасынша жаңакғы әйелді алып кетен
жолдасым келіп екеулеп жүріп оларды бөлімшеге тапсырдық. – деген ардагер
өткен шақтың естелігін айта отырып терең
күрсінді. ..
Тарих
парақтарынан 43-ші жылға дейін фашистер шабуылдап, Кеңес әскері көбіне қорғанумен болса, Сталинград түбіндегі
шайқаста ойсырата жеңілген жауға, енді қызыл әскер шабуылдағанын білеміз. 1944 жылы кубан әскери округінің атты әскер
бөліміне байланысшы болып ауысып келген жауынгер бұл жерде де тапсырманы
абыройлы, тиянақты атқарып көзге түседі.
- Бірде подполковник алдына тапсырма алуға бардым.
Сөз арасында «ұлтың кім?» деп сұрады.
Мен «Қазақпынә дедім. «Казак» деген оған «жо-жоқ, «казак» емес «қазақ,
Қазақстаннанмын» дегеніме «да,
терпеливый народ» деп қойды. Осы сөзді іліп әкетіп, «суыққа тоңбайды, ыстыққа
күймейді.Осындай шыдамдығылымен қатар сондай қонақжай, дархан халық» деп ,сол
сәтті ұтымды пайдаланып, біраз ұлтымды айтып мақтанып алдым» - дейді арқаланып кеткен ардагер ата.
- Бір жерден келесі бір жерге
подполковниктің берген қағаздарын апарып
тапсыру керек болды. Атты әскер болғандықтан жылқының түрі бар. Соның ішінен
жүріске, шабысқа мықтысын таңдауым крек болды. Көп жылқының ішінен бір қазақы
байталды таңдап мініп, жылдам ұшатын құстың атын, яғни «Қарылғаш» де ат қойдым.
Осы жануарыммен желіп тапсырманы
орындадым. – деп сол бір суыт сапарды майдангер қарт күрсіне еске алды.
Сталинградтан кейін азат етілген қала Курск болды. Ал,
1944 жылы тты әскер Солтүстік Кавказды азат етті. Кавказ демекші картадан
қарасаңыз, жау Грозныйға дейін келсе, қол созым жерде ұлан ғайыр Қазақстанның
территориясы жатыр. Небір қиыншылықтарды, қиын-қыстау сәттерді басқа төндірген
қан майданның біткенін, жеңістің жариялағанын Жайлы ата Нальчикте қарсы
алады.соғыс аяқталғаннан кейін бірінші кезекте жас үлкендерді, жаралыларды
босатты. Халықтың қалай қуанып, құшақтасқаны есінде алған ардагер 1946 жылы
«мамандарды елге қайтару» қаулысы бойынша туған жер төсіне оралады.
Оралғаннан-ақ бұрынғы ұстаздық қызметін 55 жыл үздіксіз атқарады. Білімін
жетілдіру мақсатында Ақтөбе педагогикалық институы мен Орал педагогикалық
институтында филология және тарих факультеттерін сырттай оқып алады. Зейнетке
шыққан соң да, 4-5 жыл қызметінен қол үзбейді.
Елін жаудан
азат етуде аянбаған Жайлы атамыз «қызыл жұлдыз», І дәрежелі «Ұлы отан соғысы»
орденреімен наградталған. «1941-1945
жылдардағы ҰОС-да Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін», «Г.К.Жукаов», «Соғыс
ардагері», «Еңбек ардагері», «тыңигерудегі еңбегі үшін» медалдары мен Жеңістің
әр жылдағы мерейтойлық медалдары, сонымен қатар, «астана қаласының 10 жылдығы»
сияқты көптеген төсбелгілер ардагер төсінде жарқырап тұр.
Жеңістің 65
жылдығын тың күйінде аяқ басқалы отырған атадан 4 ұл-қыз өрбіген. Соғыстан
кейін бас қосқан кемпірі (өз сөзі) Ақлеспен отасқанына 63 жыл толмақ.
Немере-шөберелерінің қызығын қызықтап отырған баықтты ата Көкбұлақтың жалғыз
ардагері екендігін де тіліне тиек етті. «Ата, енді не арманыңыз бар?» деп
сұрағанымызда. Кейінгілерге бақытты ғұмыр берсін, Егемендігім басымызда мәңгі
тұрақтасын» деді. «Елімізге тек тыныштық, басшымызға аманшылық берсін» деген ардагер
ата батасы қабыл болғай.
Бақытгүл Боранбаева,
Гүлдерай Асылбекқызы.
«Жем-Сағыз» газеті,
2010-8сәуір