АҚЫРАТЫП АТ
МІНГЕН СӘНШЕ
Екіңші
дүниедүзілік соғыс жылдарының жесірлері мен тылдағы ауыр еңбектің тауқыметін
тартқан, бүгінгі бейбіт өміріміз үшін жанын аямай түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден
айырылып ауыр еңбекте қиындықпен арыстандай алысқан, жолбарыстай қайрат
көрсеткен аналар –Ұлы Жеңістің 70 жылдығына қандай да марапатқа лайық. Солардың
атқарған істерін Сәнше Есенбаева бейнесін сипаттай отырып, елге баян етіді
мақсат тұттық, әңгіме өрбіткіміз келеді.
С.Ә.Есенбаева 1915 жылы Байғанин ауданындағы
Оймауыт жерінде дүниеге келген. Байғанин (Табын) ауданы тарихымен бірге
жасасқан тұлға. Ауданның іргетасын тұрғызу, колхоздастыру, советтендіру,
әлеуметтік экономикалық жағынан дамыту, Ұлы Отан соғысы жылдарында халықты
сақтау, қорғау, соғыстан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру, колхоздарды
кеңшарға айналдыру,, ауыл шаруашылығын өркендету істеріне үлкен үлес қосқан,
зор еңбек сіңіргендердің бірі –Сәнше Есенбаева.
Алапат соғыс жылдарының қиындығын арқалап,
атқа қонған ару әйелдер, қыз-келіншектер аз болған жоқ. Әбдешова Нағима,
Алпысбаева жаншым, Баймолдина Қылаң, Айтбаева Жәми, Жармағамбетова Айкенжн,
балманова Әліп, Баянова Тәпи, Былшықова Бибатпа, Ешмұхашева Бақыт, Қалдаяқова
Балжан, Жұмағалиева Ақтөре, Қонарбаева Аққияш, Мұңалбаева Теңгежан, Мырзағұлова
Іңкәш, Мырзалина Бибажар, Жәленова Жаңыл, Матқанғалиева Өзипа, Төлегенова
Нұрбалхан, Ізбағамбетова Дәметкен тағы басқа да қайраткерлер болды. Сол кезде
бірқатары 17-18 ден асқан қыздар, қалғандары алды 3ға жақын 20-25 жастағы
келіншектер болатын.
Бұлардың атқарған лауазымдары да өте күрделі
болатын. Аудандық партия, аудандық атқару комитеті, аудандық мекемелердің басшы
қызметтерінде, ауылдық кеңес төрағасы, ұжымшарлар төрағасы, мектеп директоры,
мал ферма басшысы сияқты қызметтерді мүлтіксіз атқарды. Сол арулардың арасында
Сәнге Есенбаеваның орны ерекше болатын. Ол өзінің жазып қалдырған бір
естелігінде өмірінің де колхоз шаруашылығында жұмыс істеген әйелдердің,
балалардың атқарған істерін айырықша еске алады.
Аудандық партия комитеті мен атқару комитеті
ауыл шаруашылығына барып қызмет жасауды тапсырды. Елде ер азамат жоқ. Бар
ауырлық жас балалармен әйелдің мойнына түсті. Мал шаруашылығымен қатар, егін
шаруашылығын қатар алып жүру, малға шөп шабу, қысқа азаған дайындау, егін
егіп, оны ору және жинау мұның барлығы
қол күшімен атқарылды. Ауылымызда Сүйелова Шаржау, Елдесова Қатира,
Баймағамбетова Бопи, Ешімқұлова Мақан, Аманова Әмей, Қосмағамбетова Ырысжан,
Айтуарова Айдан, шамқұлова Әсем, Спанова Маңдайлы, Қожамжарова Дәмеш сынды асыл
жандар жан қиярлықпен еңбек етті. Ол кезде ешкім киім кимедім, тамақ ішпедім,
ұйықтамадым демейтін. Тек қана бірғана тілек болатын. «Ер азаматтар тезірек
жауды жеңіп, елге аман есен оралсын» дегенү
Кезінде С.Есенбаева басқарған ауылдық
кеңестің жас өрені, кейіннен қазақтың белгілі ақыны болған Сағи Жиенбаев өзінің
өлеңдеріне ащы шындықтарды тізбектеп көрсетеді. Айталық «Әйелдер» атты
өлеңінде; Ырзамыз барлық ісіне қазақтың қара көздері.От пен судың ішінен бізді
алып шыққан өздерің,Қызықтың бәрін құрбанғып, тұншығып іште жалыны, бойды да
күткен жоқсыңдар, Түрлерін таңдап көйлектің таңдап та кимей кеттіңдер.
Сәнше Ртан соғысы 1941-45 жылдары СССР
Жоғары Кеңесінің «Еңбекшілер депутаттары жергілікті кеңестің міндеттері мен
құқықтары туралы» заңын жүзеге асыруға тікелей еңбек сіңірді. Оған Байғанин
аудандық партия комтеті мен аудандық атқару комитеті мәдениет ауылдық кеңесінің
төрағасы лауазымын сеніп тапсырды. Заңда ауылдық кеңеске міндеттелген істердің
орындалуын қамтамасыз етті. Кеңеске қарасты «Мәлениет» Ворошилов атындағы
колхоздардың мал шаруашылығын өркендетті, «Отан үшін майданға» елдегі әйелдер
мен қарттарды осы ұранды орындауға жұмылдырды. Мемлекетке ет, сары май, жүн,
астық тапсыруға жауынгерлерге жылы киім дайындауды шебер ұйымдастырды, Танк
қорына қаражаттар жинауды да Жеңісті жақындату деп түсіндірді.
«Майдан үшін халық барын аямады. Өздері де,
балалары да киім қиыншылығына төзді. «Елді аяп, алыстағы ағаны аяп, жалаңаш
жүдеулікке қарамайақ , майданға бар киімді жиып беріп, Көк мұзда жүгіруші ек
жалаң аяқ» деп ақын дұрыстықты жырлап отыр. Балалар ауыл шаруашылығында үлкен
күш болды. «Қырманға қарай жүгірдік боз ала таңнан, шалғынды шалғы орақпен
жайпадық. Ақ борандарда алдынан шығып тоқтаттық. Арқырап жүрген асауды Арбаға
жегіп, шөп тартық. Балға алдық, орақ та алдық, күрек те алдық. Көзіміз
қарауытып жүдеп қалдық» шын сөздер. Ауылдық кеңес төрайымы Сәнше осы балалардың
еңбектегі жетекшісі болды. Балалардың
соғыс кезіндегі психологиясы. Күн сайын қорқыныштар алқымға алып, құт-құттай
кеудемізде күндіз-түні жататын найзағайлар жарқыл қағып, ілесіп суылдаған
шалғыларға жүруші ек шағылысып ақ мұнарға, шалғыны лақтырып құлайтынбыз,
қалжырап көкте жұлдыз қалғығанда. Дүние бізге қарап кезіккендей, тұр-тұрлар
жаңғырығып өшіккендей, Қалшылдап тұратынбыз дір-дір етіп, дауысын әзірейілдің
естігендей. Қыр жақтан қас қарая шұбап келіп, жатушы ек жертөлені жұмақ көріп,
біріміз-бірімізге арқа сүйеп, біріміз бірімізге қуат беріп» деп дәл береді ақын
Сағи.
Соғыс
кезіндегі бес жасар баланы еңбек тез азамат қатарына қосты. «Қатайтты солар
мені гүлімді ашпай, төбеме жай түссе де жығылмастай».
Сол балалардың көбі бұл дүниеде жоқ.
Қалғандары 70-80 жастағы қазірғі қарттар қатарында жүр. Соғыс және соғыстан кейінгі
мал асының Байғанин ауданында 6,5 еседей өсуі әйелдер мен балалардың еңбегінің
нәтижесі.
Ауылдық кеңес әлеумет мәселелеріне өте
көңіл бөлетін еді. Соғыс кезінде кеңеске қарасты бастауыш, орталау мектептерде
оқу тоқталған жоқ. Жалпыға бірдей жеті
жылдық оқу заңы мүлтіксіз орындалды, оқымай қалған бала болмады. Соғыс кезінің
оқушылары оқудан қол үзбеді. Соғыс кезінде мұғалімдер майданға майданға кетті
де оқуды тоқтатпау үшін Сәнше жоғары
жақтан олардың орнына оқытатындарды сұрады. «Мәдениет» ауылдық кеңесіне қарасты
Ворошилов атындағы жеті жылдық мектепке қаладан жастар келеді. Соның бірі
Қатима Қалбиева болатын. Ақын. «Бір күні сонау қаладан, ауылға жап жас қыз
келді.Мұғалім бопты жаңадан. Оқытпақ енді біздерді.Қарады бізге таңдана
жұпыны-жарты жалаңаш, Биіктеу бойы сәл ғана, Жас жағы бізен шамалас, Әуелгі
кезде көңілі толмаған шығар бізге онша,, көрмеген мұндай өмірді. Ауылдық кеңес
төрайымы бұл қыздың бар жағдайын жасады. Жататын үйді тауып берді. Қатима
үйренісіп,елдегі жеңгелері оны зовуч қыз атандырды. Ақтөбе қаласындағы №6
мектептің 10 сыныбының оқушысы болатын. Сөйтіп, алыстағы Байғанин ауданының балаларының көпшілігінің
еліміздің келешегіне әр түрлі мамандық иелері ретінде үлес қосқан азаматтар
болуына Сәнше Есенбаева екеуінің зор еңбегі бар. Кейіннен Қ.Қалбиева
СССР(,Қазақ СССР ағарту ісінің үздігі, елге танымал ұйымдастырушы болды. Сағи
Жиенбаев – лирик ақын. Қыдырбай Бекмағамбетов заңгер, Қайырғали
Мышанов-дәрігер, Жақсылық Жұмабаев –инженер, Қарлыға Баймағамбетова –саясаткер,
Кәдірбай Бекмағамбетов –журналист, Нұрдәулет Ермеков –инженер, Өтеміс Тойжанов
–мемлекет қызметкері, Абдахман Нұрлыбаев –ғалым, Батан Отарбаева-қаламгер,
батыр ана, Жарылғасын Әбиев- математик, Бақтығали Елдесов-инженер механик, Алтынай Молдабаева –математик, Ізбасар
Төлениязов-тарихшы, Шахмет Селбаева мұғалім т.б белгілі азаматтар болып шықты.
Кеңес төрағасы С.Есенбаева соғыс кезінің ауыртпалығын «Мәдениет» ауыл
кеңесі еңбекшілерінің шеккен зардаптарын жеңілдетуде үлкен істер атқарды.
Мәдениет ошақтары жабылған жоқ, дәрігерлік пункт жұмыс жасады. Олардың
еңбекшілерді қамтуында іркіліс болуына жол бермеді, жағдай туғызды.
Колхозшыларды отынмен, малвн шөппен, ауыз сумен, азық-түлікпен, киім-кешекпен
қамту, жабдықтау істерін қалт жібермеді, олар ауылдық кеңестің бақылауында
болды.
Жоғары Кеңестің жергілікті кеңеске ерген
құқықтарын шебер пайдаланды. Ұжымшарлар ауылдық кеңес алдында ұдайы жылдық
есептерін берді, мал басын сақтау, оның есебін 24 үлгіде мұқият көрсету, егіс
егу, егін орағын дер кезінде жүргізу, мал азығын дайындау жайлы ақпараттар
аудандық басшы орындарға дер кезінде мәлім етілді. Соғыс кезіндегі жоқшылыққа
«Мәдениет» ауыл кеңесіне қарасты халық төзді, бірақ аштыққа ұшырамады. «Мына
соғыс от –жалынын жайғалы, Өзекті де суық ызғар жайлады. Көңілімізге медеу
болар жалғыз-ақ, Күрең қасқа сиырдың бір айраны.Таусылмайтын көніміздей төрт
емшек,Төрт жыл бойы асырады біздерді- дейді ақын.
Мен білмеймін соғыс деген не екенін
Жұртпен бірге шоңқай қазып кететін
Жұртпен бірге қас қарая бүрсеңдеп
Бір дорбасын менде арқалап жетемін -деп
бала қоғаның түбін қазып, оны тамақ қылғанынан хабар береді.
Үстінде арулардың көне көйлек
Күн жеген, жел мүжіген, дене кернеп
Иығының жыртығын саусағымен көлегейлеп,
Үйіріліп бір біріне иін сүйеп
Түйілген төрт жылы бойы қара бұрым
Ақырын аунап түсті бірінші рет- соғыс кезіндегі
әйелдердің сән салтанатының сиқы осындай болатын. Бірақ әйелдер бәріне төзді,
шыдады.
Соғыс кезі адамдардың адами қасиеттеріне
де сын болды. Елде жоқшылық. Ашаршылық.
Ит те, құс та жем іздеп тентіреді. Осындайды пайдаланып қолында билігі барларда
халыққа зәбір бергенін ақын былайша сипаттайды.
Тоқ болды онда бізде жалғыз
бастық
Не істетпейді пендесіне бұл
мастық
Қорықса да құлқын үшін
болсада
Кейбір әйел жүруші еді
сырлас қып.
Сәнше Есенбаева ауылдағы осындай сырлас
әйелдердің де арыстандай ақырғанда бала түгіл, шалдар да қалтырайтын. Бетіне
оның тура келетін ешбір жан болмайтын озбыр бастықтармен де айқасқан кездері
болған Мұндай сабырлыққа тегеурін болып, халықтың да әйелдердің де ар-намысын
қорғаған, жаралы жылдар бейнесін де елестетіп ақын поэзия тілімен ауылдық
кеңестерді басқарған әйелдердің ерлікке тән жанашыр істерін айтып отыр.
«Соғыс» дейді қабырғаңды қайырған, сол
сенің де жүрегіңе жай ұрған. «соғыс» дейді анам мені құшақтап, сенің жалғыз
көкешіңнен айырған» .Бұл ұлынан айырылған ананың зары. Соғыстан қайтып
оралмағандар қанша? Соғыс кімді жылатпады. Қай шаңырақ қаралы болмады. Сол
кезде Жарқамыс ауылдық кеңесінде хатшылық қызметте жүріп «қара қағазды»
пасыруға бетіміз шыдамайтын. Бұл ауыр қайғыны естіртуді тек ауылдық кеңес
жүргізуге тиісті болды. Майдандағы жалғызынан хабар келіп, күнде бір үй қара
киіп шығатын шын еді. 1941-44 жыдары қара қағаз көп келді. Шұбарқұдық ауылдық
кеңесінің төрайымы Әбдешова Нағиманың күйеуі Әбдешов Керей, Төлегенова
Нұрбалханның күйеуі Егдиров Мәжит, Мырзағұлова Іңкәштің күйеуі Тілеуқабылов,
Жәленова Жаңылдың күйеуі Жәленов Байғали т. Б азаматтар, ірі тұлғалар майданда
қаза тапты. Осылар сияқты Сәнше Әбиқызы Ұлы Отан соғысында жары Есенбаев
Еспағанбеттің шейіт кеткен ауыр қайғысын басынан кешірген көптеген қазақ
аруларының бірі. Қайғыға қарсы тұрып,өзі сияқты қаралы өзі сияқты қаралы
аруларға да сүйеніш бола алды. Олардың қам көңілдеріне және қайғыларына
ортақтасып, ауыртпалығын өзінің асқан сезімталдығымен жеңілдетеді. Жау оғы
қыршын күйінде кетті-ау сені мерт қылып,Күл болып кете жаздаған көтердім қара
шаңырағын- деген соғыс жесірлерінің оптимистік ниетін Алла қабыл қылды. Қазір
бәрінің де орындары бар.
С. Есенбаева соғыстан кейінгі халық
шаруашылығын қалпына келтіру кезеңінде, Сартоғай ,Қызылбұлақ ауылдық кеңесіне
төрағалық етті. Ел мүддесі жайлы келелі мәселелерді көтерді. Ондай істердің
жүзеге асырылу жолдары жайлы түйінді ойларын ортаға салды. Айталық, 1950жылғы
12 желтоқсандағы Еңбекшілер депутаттары
Байғанин аудандық кеңесінің
сессиясында «Сартоғай» сайлау округінен сайланған депутат Есенбаева
Сәнше былай деген. «Бүгінгі аудандық советтің 1 сессиясында қаралып отырған
мәселе көктем егісі жөнінде. Крупская
атындағы колхозда биылғы жылы көктем егісі құралын дайындадық. Дегенмен алдағы
1951 жылдың көктем егісі көлемі біраз, оған жаңа 30 шақты сабан керек және көне
сабанды жөндеуге қабілетті ұста керек. Ащы бөгетінде айтарлықтай жұмыс істей
алмай келдік. Суармалы егісті двигательмен суару керек, двигательдің өнімін
дұрыс пайдалануымыз керек еді. Бірақ бұл жөнінде аудандық ауыл шаруашылық
бөлімі дұрыс жәрдем бермеді, қолынан іс
келетін маманмен қамтамасыз етілмеді. Жұрынға жанармайға жіберілген
көліктеріміз бос қайтып келді. Аудандық советтің 1 сессиясында қатысушы
депутаттар! Алдағы көктем егісіне айтарлықтай дайындықпен кірісіп, мол өнім алу ұшін күресем деп сіздердің
алдарыңда уәдемді беремін»
С.Есенбаева Аудандық советтің депутаты, Қызылбұлақ ауыл
советінің председателі өз сөзінде. Қызылбұлақ ауыл советінің бюджеті 125 сом
болып белгіленді. Өйткені 1955 жылы тарандықтардың үндеуіне сәйкесті 2 бастауыш
мектеп, бір медпункт, бір оқу үйі салынды. Біз өткен жылы 10 мың сом сұрадық,
ауыл советте контор, оқу үйіне. Бірақ ондай бюджет қаралмады. Ал салынған
құрылыстар басқа қаражаттан жүмсалды. Осы құрылысқа 3500 сомдай ақшаны өзара
салықтан жұмсадық. Бұл үйлердің өзі әлі
біткен жоқ. Оқу үйі де солай, оқу үйлерін жақсарту туралы дұрыс қаражат қаралған жоқ. Мәдениет құралдар
жеткіліксіз. Сондықтан амалсыздан басқаға қаралған қаржыдан жұмсап жіберуге
мәжбүр болдық. Біздің ауыл совет қарауындағы колхоздар мал қыстатудан аман
шығады деп сенім беруге болады. Бұзау айыру мәселесі де жүргізіліп жатыр. Сүт
сауу да жаман емес. 1956 жылға арналған жоспарлар толық орындалатынына сенемін.
Сәнше Есенбаева бұл ұйымшарлардың
кеңшарға айналуына үлес қосты. Сөйтіп еңбекшілердің алғашқы рет еңбектеріне
жалақы алуына қол жеткізді. Соғысқа дейін Байғанин (Бұрынғы Табын) ауданында
тұңыш рет ашылған балабақшаны басқарып, мектепке дейінгі мекемелердің сол
аймақта өркен жаюына үлгі көрсетті. Жас аналардың бүлдіршіндерін балабақшаға
беріп, өздерінің колхоздардың түрлі шаруашылықтарында еңбек етуіне жол ашты.
Бір кездері аудан орталығы Жарқамыста алғашқы рет ашылған Мәдениет үйін
басқарды. Халыққа мәдени, рухани жағынан тәрбие беруде атқарған үлгілі істері
көп.
С.Есенбаеваның
қоғамдық істерде белгілі орны бар. Мәдениет, Сартоғай, Қызылбұлақ ауылдық
Советтерінің бірнеше дүркін депутаты, Байғанин аудандық советінің депутаты
болып сайланды. Ақтөбе облыстық кеңесінің сессияларына, облыстық компартияның
конференциясына делегат болып қатысты. Бүкілодақтық Халық шаруашылығы көрмесіне
қатысып, оның белгілерімен марапатталды. 1941-45 жылдары Ұлы Отан соғысы
жылдарындағы Ерлік еңбегі үшін» медальімен, «Жеңістің 30 жылдығы» медальмен
марапатталды.
Соғыс кезінде коммунистік партияға мүше
болды. КПСС Х1Х сьезінің шешімдеріне сай Байғанин ауданының әлеуметтік
экономикалық дамуына үлес қосты. Ол облыстық деңгейдегі дербес зейнеткер.
Сәнше Әбиқызы аналық та, апалық та
парыздарына адал жан. Ұл мен қызын, сіңілері мен інісін оқытып, тәрбиелеп,
олардың азамат болып қалыптасуына бар күшін салды, өсірді, қамқоршысы болды.
Отбасындағы ұрпақтары жайлы еске алып,
қолымда Жаңыл атты қызым. Кейін Аллах тағалам маған Болат деген ұлды берді. Ол
кезде 36 жаста екенмін. Үйелмелі-сүйелмелі екі балаға аналық махаббатымды
беріп, солардың сылдырлаған күлкісіне жұбанып, жұмысымды жасай бердім» -деп
жазыпты Сәнше апа күнделігінде.
Тас емшегін жібітіп, тар құрсағын кеңіткен
Жаңылдан да айырылу Сәнше анаға оңай тиген жоқ. Аллах берген Болатының
амандығын тілеп, оны Орал педагогикалық институтында оқытқан. Оның тұңғышы
Ләззатты бауырына басып, оны бағып-қағып өсірген. Ләззат қазір заңгер, әділет
подполковнигі. Көлік прокуратурасының аға прокуроры.. Төрт баланың анасы. Сәнше
апаның өзіне тете сіңілісі Кенже-медик. ҚР Бас прокурорының анасы. Інісі Әбиев
Жарылғас математик, кезінде мектеп басқарған азамат еді. Кіші сіңілісі
Бейбіттің өмірі қысқа болды да, оның үлкен қызы Ұлмекен ғылым кандидаты,
Шайдазасы кәсіпкер. Ұрпақтары жалғасып жатыр. Сәнше апаларының әруағы әрқашан
оларды жебеп, қолдап келеді. Соғыс жылдарында, соғыстан кейін ауаткомда қызмет
еттім. Мен білетін Сәнше апай тұлғасы
өзінің ерік-жігерімен. Мақсаткерлігімен баурап алатын. Адамдарға белгісіз бір
тылсым құдіретпен, ақылымен жігер қүшімен күшті адам болғанын білемін. Әйел де
болса, жоғары білім болмасада ол саяси басшы болды. Сәншенің нағыз қайраткер
екені ешқандай күмән тудырмайды. Сәншені паналар келетін жесір-жетімдер,
аштыққа ұрынғандар, бас бұзар бригадирден зәбір көргендер де көп болғанын
білеміз. Ол қорғансыздардың қорғаушысы еді. Үш жасында анадан айырылған
бәрімізге Сәнше апам апалық қана емес, анамыздың ролін атқарды. Бәрімізге
мамандық алып берді. Шетінеген өзұрпақтарының қайғысына да. Соғыста қаза тапқан
сүйікті жарының қазасына да мұқалмай
қайсарлық танытты. Сонымен қатар, ол ағайынның таласы мен жаласына төрелік
беріп отырған ел анасы да бола білген зерделі адам. Осыншама істерді атқаруының
өзі де ұлкен ерлік әрине деп еске алады тете сіңілісі Кенже. Осылай деп
келіндеріме де , немерелеріме де айтып отырамын дейді ол. Ұлы Отан соғысы
ардагеріне, теңестірілген Тыл ардагері Сәнше Есенбаева яғни 100 жасқа келген
кейуана тағдыры ХХ ғасырдағы қазақ әйелдерінің тұтас тарихын көз алдына
келтіргендей. Барлық болмысымен, тектілігімен, рухымен,
мықтылығымен,адамгершілік қасиеттерімен мұндай жандар өздерінің іштерінде мәңгі
өлмеген армандарына қол жеткізген сияқты. Сәнше апа Қазақ елінің
Тәуелсіздігінің нанын аз уақыт жесе де, Ұлы Арман қазақтың мәңгілік ел боларына
сеніп кетті. 2002 жылдың 20 қарашасында бақилыққа аттанып жүре берді. Сәнше
Әбиқызы Есенбаева 2015 жылы 15 мамырда дүниеге келгеніне 100 жыл толады. Осы
айтулы датаға орай, оны есте мәңгі қалдыру үшін Байғанин ауданының орталығы
Қарауылкелді ауылынан бір көшеген оның есімі беріліп, «Сәнше Есенбаева көшесі»
деп аталуын сұраймыз.
Қазақтың ерекше жаралған қайсар қызы, қоғам
қайраткері Сәнше Есенбаева еліне сіңірген еңбектерімен мұндай атаққа лайықты
және оның рухы да риза болатынына көзіміз жетеді., жас ұрпақтар тәрбиесіне үлгі
болары сөзсіз. Байғанин аудандық әкімдігі мен аудандық маслихат тарапымен шешім
қабылдайтынына сеніміміз мол. Ұсыныс жасаушылар және соған қол қойғандар бар. Соның біреуі Республикалық мәні бар дербес зейнеткер,
Ақтөбе облысының, Ақтөбе қаласының, Байғанин ауданының құрметті азаматы, СССР
және ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
мемлекеттік университетінің профессоры
Ниетжан Берікұлы. «Жем-Сағыз» ,5
ақпан 2015 жыл.