ТАМЫРЫ
ТЕРЕҢ ДОСТЫҚ
Қазақстан – Украина
достығы 2 -
дүниежүзілік соғыс кезінде
Украина жері неміс
әскерлерінің қол астында
қалған кезде 52
кәсіпорны Қазақстанға көшірілген
жылдардан бастау алғанын, соғыс жылдары
Украина жерін жаудан
азат етуде, жетім балалар
үйінен әкелінген украин
балаларын өздері әрең
күн көріп отырса
да қазақ семьялары
асырап - өсіргенін, соғыс
жылдары қоршауда қалғандарға
азық – түлік жеткізуде,
соғыстан соң талқандалған
шаруашылықты қалпына келтіруде
Қазақстан мемлекеті үлкен
көмек көрсеткенін, Донбасты,
Оңтүстік Донбас темір
жолы бойын қамқорлыққа
алып, 500 мың мал
жөнелткенін, 1954 жылы қазақстан жерінде
тың игеру науқаны
басталғанда украин халқы
өкілдері көптеп келгенін,
осындай екі мемлекет арасындағы
қарым - қатынас Тәуелсіздік алғаннан
соң 1992 жылы
екі ел арасындағы
ынтымақтастық туралы шартқа, 1994
жылы достық және
ынтымақтастық туралы шартқа, әскери – техникалық ынтымақтастық
келісімге, 1997 жылы
ынтымақтастықты одан әрі
дамыту туралы Декларацияға
қол қойылып үлкен
достық қалыптасып отыр.
Украин әдебиеті мен
қазақ әдебиетінің байланысы
ертеден басталғанының куәсі
Тарас Григорьевич Шевченконың
қазақ жерінде көп
жылдар тұрып, қазақ тақырыбында
өлеңдер жазып, суреттер
салған.
Қазақстан жерінде
«Украинка» ауылы Солтүстік
Қазақстан облысы, Жамбыл
ауданында орналасқан.
Біздің қазақ
елінің, қазақ халқының ақ
пейіл, ақ көңіл
«баршаның баласын бауырға
басқан» ақ жүрегінің
адамгершіліктерін әлі де украин
халқының есте сақтап, қазақ
халқын құрметтейтіндігінің куәсі
болдым. 1989 жылы Украинаның
«Трусскавец» санаторийінде денсаулығыма
байлынысты емделгенмін. Қазақ
ұлтынан да көптеген
азаматтар мен азаматшалар
демалуда екен, елімізге
белгілі композитор Мансұр Сағатов ағамыз
да сол кезде
демалыста жүр екен.
Сырт жерде қазақтың
әрқайсысы бір – біріне өте
ықыласты, үлкен сыйластықта
болатыныныа көзім жетті.
Менің айтайын
дегенім, сол санаторийге бару
жолы. Москваның Шереметьево
әуежайынан самолеттен түсіп,
одан Украинаның Львов
қаласына келген соң,
арнайы автобус күтетінін
білмей вокзалда көп
тұрып қалдым. Сол кезде
бір аяғын сылтып
басып, қолында таяғы бар,
үстінде сұрғылт костюм – шалбар, костюмының
өңірінде орден, медальдары бар
үлкен кісі жаныма
келіп тұрды. Маған
қарап, /әңгімеміз орыс тілінде
болды/ қызым, Сіз карачай
ұлтынансыз ба? – деп
сұрады. –Жоқ, мен
Қазақстаннанмын, Ақтөбе облысынан,
Батыр қызымыз Әлия
Молдагулованың жерлесімін, таза
қазақпын, «Трускавец» санаторийіне емделуге
келіп едім, қалай жетерімді
білмей тұрмын деп
жауап бердім. Сол кезде
әлгі кісі өзін
таныстырып, /қазір аты-жөні есімде жоқ/ Сіз қазаққа
ұқсамайсыз, карачайкасыз,
қазақтардың көзі қысыңқы, ал сіздің көзіңіз
үлкен, бірақ шынымен қазақстандық
болсаңыз, Сізге, жалпы қазақ халқына
шын жүрегіммен басымды
иемін деді де, маған
басын иіп, - соғыс жылдары біздің
әскерлер қоршауда қалып,
бірнеше күн тамақ, оқ – дәрі келмей
қалып, аш отырдық,
бірнеше күннен соң
төбемізден түнде самолетпен
оқ – дәрі, тамақ тастады,
соның ішінде төрт
қапшық қазақтың «құрт»
- деп аталатын
тамағы болды, құртты
әлі қазақтар жасай
ма деп сұрай отырып, сол
құртты үнемі сорып
жүріп аш екенімізді
сезінбедік, қоршаудан аман – есен
шығып, міне мен елге
аман – сау оралдым, балаларым,
немерелерім бар деп
әңгімесін жалғай отырып,
әлі үйленбеген 2
балам бар, соның біреуіне
алып, келін қылайын деп қалжыңдай күлді.
- Жоқ, аға, менің жолдасым, 2 балам бар,
емделуге жіберді, мені
асыға күтіп отырады дедім.
Сол кезде әлгі
кісі маған, - жүр,
Сізді өзім автобусқа
отырып, сол санаторийіңе апарып
саламын, бұл менің қазақ
халқына деген құрметім – деп,
санаторийге әкеліп, тіркеу бөліміне
дейін кіргізіп, тапсырып кетті.
/Менің таланыма тап
болған кісі/
Емделіп жүргенімізде
де қазақ ұлты
болып жиналып кафеге
отырғанда ең бірінші
музыканттары «Қазақстаннан келген
қонақтарға жалынды сәлем!» деп
кештерін бастағанда біз
орнымыздан тұрып қол
шапалақтап құрмет көрсеттік.
Украин халқының
осындай құрметін өз
көзіммен көріп, біздің
ұлттық тғамымыздың бірі
«құртымыздың» соғыс кезіндегі
аш отырған жауынгерлерге
азық болып, ашығудан
сақтағанын ауызба – ауыз естіп
куә болдым.
Д.Сәрсенқызы .
«Жем-Сағыз» ,2012-7
мамыр