Сонау сұрапыл соғыс кезінде, тылда қалған
қыз-келіншектер, еңкіш қариялар, 16-17 жастағы
балалар майданға аттанған ер-азаматтардың орнын басты. Балибаева Сұраған
–Ақши колхозына көшіп барып, қой фермасын меңгеріп, колхоз қойын «Сам» мал
жайылысына шығарып жайды. Енесі Айборық хамиттің анасы осы колхоздың түйешісі болды. Талдырмаш қыз
Өріз қойшылықты қалады. Оқытушы Тәңірбергенов Нығметтің әйелі Ырысты он
колхоздың жылқысын басқарды. «Сам»
жайылысына көшіп қонып жүрді. Сақидың әйелі Балдырау колхоздың сиыршысы,
Таңатардың жары Ағиба сауыншы, Қисаның әлжуаз қалыңдығы Слупан пішенші
егінші.Қопаева Тәму аудандық комсомол комитетінің бірінші секретары.
Жұмағалиева Ақтөре аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, Қонарбаева Аққияш почта
тасушы, Талайлы колхоз председателі, Камила, Дилан бухгалтер .
Олар күндіз түні ұйқы күлкі көрмей түн ұйқысын төрт бөліп, майдандағы
жауынгерлерге, ет, сүт, жылы киім, астық беріп жүрді. Жарқамыс поселкесіндегі
еңбекшілер , қызметкерлер әр жексенбі күндері поселкеге жақын Қаратөбе, Ақжар,
Ақши, Ақбұлақ, Қаражар колхоздарына жемшөп дайындауға, піскен егінді орып
жинауға араласты.
Ш. Дәржанов «Ленин туы» газеті,
1989
-18 февраль