Жауынгер өткен жолдар


  Ауылдас азаматымыз Ұлықпан Құлданбаевты ауыл адамдары ерекше сыйлайды. Облыстық «Коммунизм жолы» газетінің  осы жылғы бір нөмірінде  Ұлы Отан соғысы женісінің 30  жылдығы рубрикасымен берілген материалында Қырымды жаудан азат етуге қатысқан үш жауынгердің суреті шықты. Оның бірі – өзіміздің жерлдесіміз Ұ.Құлданбаев  еді.  Жақында біз онымен кезедсіп соану сұрапыл жылдардағы ерлік істердің сырын айтып беруді сұрадық. Бізге қарапайым мінез танытқан Ұлықпан өткен қиын-қыстау  кезеңдерді әсерлі етіп әңгімелеп берді.
... Мен 1942 жыы январь айында ауылдас жігіттермен бірге Қаражардан Отан  қорғауға аттандым. Алғашқы бағытымыз Сталинград майданы болды. Ұрыс шебінің маңы от-жалын оранып жатты. Біздің саперлер бригадасына жүктелген міндет жау жолына мина құру және жорық жолдарды жау минасынан тазартып отыру еді. Бұл өте күрделі жұмыс болатын. Түн қараңғылығын пайдаланып, аспанда жанған жарық бергіш ракеталардан сақтана отырып, тапсырманы орындауға кірістік. Менің қасымдамақанбай Бегалиев, Бисембек Есімбеков деген қазақ жігіттері болды. Біз бірі-бірімізбен ақылдаса отырып, алғашқы тапсырмаларды сәтті орындап жүрдік. Өз тобымызға жарақаттанбай жауынгерлік тапсырманы орындап ққайтқаннан артық  бақыт жоқ сияқты болып көрінуші еді.
    Мұндай күрделі істер әр кез сәтті аяқөтала бермейді. Севастополь мен Симферополь аралығындағы Белбекский тауына бекінген жаудың тобын құрту үшін жол ашу кезінде жау минасына кезігіп жарақат алдым. Ал осы операцияға қатысқан жауынгер жолдасым М.Бегалиев жеке ерлік істері  көрсетіп, үшінші дәрежелі Даңқ орденімен наградталды. Мен госпитальда азғантай емделіп, өз тобыма қосылдым.
    Сталино-Моропель станциясына топтасқан жауды жоюдың жан*жақты тапсырмаларын алып, он бір адам самолетпен ұштық. Самолет межелі жерге ұшып келіп, біздерге паршютпен секіруге белгі берді. ҚӨараңғы тұңғиыққа секіру қауіпті де, құатерлі еді. Оның үстіне төменде қалың орман құшақ жайып жатты. Бір-бірлеп секіре бастады.Жерге жақындағап қалғанда парашютмді ашып жібердім. Әуеде қалқып жүрдім де, жерге сәтті түстім. Тез парашютмді  жинап алып айналама құлақ түрдім. Жақын жерден белгілі дыбыс шықты. Мен жақындап келгенде жолдастарым да түгел  жиналып болған екен. Сталино-Моропель станциясына қарай бағыт алып жүріп келеміз. Командиріміз жолшыбай бізді тоқтатып, сақтық жайында, алдымыздағы күрделі істерді қалай атқаруымыз керектігі жайында қысқаша түсінектер берді. Түн қараңғылығын пайдаланып, станцияға жақындап қалдық. Таң саз бере станциядан 3-4 шақырым қашықтықтағы шөмеле ішіне жасырындық. Күндіз қозғалуға болмайды, бұйрықтың өзі солай берілген. Түске жақын шөп үйілген ашықтықта станция жақ батғыттан бір ат шаналы адам келе жатты. Қаннен қаперсіз шеттегі үйілген шөпке келіп тоқтады да, шөмеленің біреуін шанасына тией бастады. Ол анда-санда жан-жағына қарап қояды. Командиріміз Петр Сергеевич селден кейін  «кім болсаң де бері кел» деп бұйыра дауыстады. Әлгі адам сасқан жоқ. Бізге қарап жақындап келе жатты. Қаба сақал ірі денелі украин шалы екен.
-    Келген екенсіңдер ғой, қырандарым. Мен сіздерді көп күттім фашист деген айуандар селомызды казапқа салуда. Кемпірімекеуміз амалсыз жағдайдан  осындай тіршіліке душар болып отырмыз. Менің сөзіме сеңіздер. Мен немістер жайында көп деректер білемін, - деп ақсақал ағынан жарылды.
 -   Біз шалды сынау үшін біраз тапсырмалар беріп, қайтарып жібердік.Шал сенімізді ақтады.Ол күнде станциядан жаудың қимыл әрекеттерін баяндайтын мәліметтер жеткізіп тұрды.